Қымбатты жерлестер!
Сайлауға қатысып, кандидат болып тіркелу мен үшін үлкен мәртебе.
Бұл көрсетілген құрмет пен сенімді халық алдында жасайтын адал еңбегіммен ақтағым келеді.
Депутат болу – мен үшін өмірлік мақсат емес. Дегенмен, өз елімнің патриоты ретінде ел мен қоғамның игілігі үшін өз үлесімді қосқым келеді.
Осы орайда, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы мен «Байтақ» партиясының бағдарламасын негізге ала отыра, төмендегідей нақты мақсаттарды алдыма қойып отырмын:
- тұрғын үй аулаларын абаттандыру, көгалдандыру мен тазалық сақталуын ұйымдастыру;
- қоршаған ортаның санитарлық тазалығын сақтау бойынша экологиялық талаптардың сақталуын қадағалау;
- тұрғындардың мәдени демалуы үшін сквер салу;
- аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын көтеру бағытында жүйелі ұсыныстар енгізу;
- округке қарасты апаттық жағдайдағы үйлердің мәселесін шешу;
- халықтың денсаулығына көңіл бөлу мақсатында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
- жастар мен балаларға арналған қосымша спорт және балалар ойын алаңдарын салуды көтеру;
- Ә.Молдағұлова даңғылындағы №6 және 8 үйлердегі лифт жүйелерін алмастыру;
- автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жасауды көтеру;
- Ә.Молдағұлова даңғылы 2, Тургенев көшесі 94/1,96/1,98/1,100,104/1; Есет батыр көшесі 132,134,142, Абай даңғылы №10 мекен-жайларында қоқыс алаңдарын орнату және жөндеуден өткізу;
- иесіз иттердің мәселесін шешу, жануарларға ұстауға арналған үй-жайлар (питомник) салуды көтеру.
Құрметті сайлаушылар!
МЕНІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАМНЫҢ НЕГІЗІ – ҚАРАПАЙЫМ АДАМНЫҢ МҮДДЕСІ.
Сіздер маған сенім артып, қолдасаңыз, өзімнің білімім мен күш-жігерімді жұмсауға уәде етемін.
Сіздермен бірге жаңа, әділетті Қазақстан құрамыз!