Меню

Страницы

Статья

Сақтағанов Абай Дидарұлының сайлауалды бағдарламасы

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

 Ақтөбе қалалық мәслихатына өз кандидатурамды ұсына отырып, халықтың алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінемін.  

Қала тұрғындарымен, яғни өздеріңізбен бірге өзекті мәселелерді біліп, ескере отырып, менің депутат ретіндегі міндетім - заңнама аясында шахарымызды, өзіміздің өлкемізді көркейту болып табылады.

Қаламыздың қай жерінде де тұрғындар өздерін толғандырып жүрген ірілі - ұсақты барлық мәселелерін алдымен өздері сайлаған депутаттарға айтып жатады.  Өйткені, депутат – халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат.

Біздің басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру арқылы өзіме мәслихат депутаты ретіндегі шешілетін бірқатар міндеттер қойдым.

Сондықтан өзімнің сайлауалды бағдарламамды келесі бағыттар бойынша жүзеге асыруға ниеттімін.

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

  1. Ақтөбе қаласы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасының аясында:

Жол картасында көрсетілген, соның ішінде маған бекітілетін аумаққа қатысты жобалардың уақытылы орындалуын қадағалап, оның нәтижелі іске асырылуына атсалысу.

Жеке кандидат ретіндегі Сайлауалды бағдарлама аясында:

  1. Қаламызды, соның ішінде өзіме бекітілетін аумақты көріктендіруге, санитарлық тазартуға және жалпы абаттандыруға атсалысу;
  2. Ардагерлер мен зейнеткерлердің, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектердің мәселелерін шешуге жан-жақты жәрдем көрсетуге тырысуға, мемлекеттік мекеме басшыларына олардың көтерген мәселелері туралы хабардар етіп, оңтайлы шешілуіне ықпал ету;
  3. «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында өзіме бекітілетін аумаққа жоспарланған жобалардың орындалуына тұрғындармен бірге ақылдаса отырып, атсалысу.
  4. Қаламыздағы автомобиль жолдары мәселесінің оңтайлы шешілуіне ықпал ету;
  5. Білім мекемелеріне арнайы бөлінетін оқушыларды тасымалдайтын автобус мәселесін шешуге ықпал ету;
  6. Білім ошақтарындағы спорт алаңдарының жай – күйін қадағалап, анықталған кемшіліктерді жоюға және қосымша спорт нысандарының салынуына ықпал ету;
  7. Қаладағы жарықтандыру мәселесін шешуге ықпал ету;
  8. Білім ошақтарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоғары дәрежелі, лицензияланған Күзет мекемелеріндегі қызметкерлердің сапалы жұмыс атқаруын және талапқа сай құрылғыларының болуын бақылауда ұстау;
  9. Қала аумағында бейнебақылау жүйелерін қондыруға ықпал ету;
  10. Қаладағы Стихиялық автотұрақтар бойынша мәселелердің шешілуіне ықпал ету;
  11. Мемлекеттен бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуына ықпал ету;
  12. Өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін нығайту және дамыту жөніндегі жастар саясатының жүзеге асуына ықпал ету;

         Жоғарыда көрсетілген осы сайлауалды бағдарламаларымның орындалуы бағытында күш-жігерімді аямай, қала тұрғындарының игілігі үшін жұмыс істейтін боламын!

Құрметті жерлестер! Біз біріксек, барлық жоспарлар мен мақсаттарға, «Жаңа Қазақстанды» бірге құруға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін!

BIZ BIRGEMIZ!

Дата публикации
17 мая 2023
Дата обновления
17 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Қайырғалиев Аслан Асқарұлының сайлауалды бағдарламасы
Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Өмірбекова Сәуле Рахымқызының сайлауалды бағдарламасы
21 мая 2025
Депутаттар БАҚ-та

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы