Меню

Страницы

Статья

Ершілік Шынар Ершілікқызының сайлауалды бағдарламасы

Бұл сайлауда осы ауданға қатысты менің алға қойған бірқатар мақсаттарым бар.

  1. Жол мәселесі.

-ГМЗ-дан Заречный елді мекеніне дейін жарық қойылу;

-Жаяу жүргінші жолдарын жарықтандыру;

-Бағдаршам жоқ қиылыстарға, көшелерге бағдаршам орнату.

  1. Қоғамдық көлік мәселесі.

-Қоғамдық көлік жүру уақытының арасы өте ұзақ, сондықтан қосымша автобустарды көбейту қажет деп есептеймін.

  1. Жеке тұрғын үй мәселесі.

Саяжайда салынған үйлерге “Жеке тұрғын үй” мәртебесін беру.

  1. Мүмкіншілігі шектеулі жандарға көмектесу.

Яғни оларға тиесілі әлеуметтік көмектерді барынша алуларына септігімді тигізгім келеді.

  1. Жарық мәселесі.

Саяжай тұрғындары жарыққа ақшаны екі-үш есе көп төлейтінгін жақсы білеміз. Оны шешудің жолы- жарық трансформаторларын орнату.

  1. Дәріханалар мен азық-түлік супермаркеттерін ашу.

-Елді мекен тұрғындарының керек жарағын алатын Анвар, Дина тәрізді үлкен супермаркеттер жоқ. Және осы аймақта тәулік бойы жұмыс жасайтын дәріханалар аз.

  1. Қоқыс мәселесі.

-Қоқыс жәшіктерін көбірек орнатып, оларды қоршау қажет.

  1. Ағынды су мәселесін шешу.

Әр көктемде осы алқаптағы суға кететін үйлердің, жолдардың алдын алу. Қарды уақытылы тазарту, арықтар салу және көпір орнату.

  1. Спорт комплексі мен саябақ ашу.

-Тұрғындар үшін демалатын орындар жоқ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында атаулы орындар өте қажет.

  1. Қаңғыбас иттер мәселесі.

Тұрғындардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігі үшін, иесіз жүрген иттерді ұстау және зарарсыздандыру қажет.

 

Дата публикации
16 мая 2023
Дата обновления
16 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Қайырғалиев Аслан Асқарұлының сайлауалды бағдарламасы
Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Өмірбекова Сәуле Рахымқызының сайлауалды бағдарламасы
21 мая 2025
Депутаттар БАҚ-та

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы