Құрметті жерлестер!
Қалалық мәслихаттың депутаты ретінде алдына нақты міндеттер қойдым, олардың депутаттық қызметім орындалуына бағытталмақ.
"АMANAT" партиясының Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі партияның мүшесі ретінде әріптестерімен бірлесіп келесі жұмысты жүргіздім.
Ана өлімі тіркелген барлық медициналық ұйымдарда республикалық орталықтардан тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, босандыру қызметінің аудиті өткізілді, емханаларда жүкті әйелдер мен босанған әйелдерді күнделікті шақыру үшін жеке Call-орталықтар ұйымдастырылды, короновирустық инфекциясы бар жүкті әйелдерді емдеу үшін жеке перзентханалық инфекциялық стационар орналастырылды.
Ақтөбе облысы бойынша бұқаралық спортты дамыту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту үшін жағдай жасау жөніндегі қалалық мониторингтік топтардың құрамында бола отырып, спорт мектептері мен құрылыстарындағы проблемаларды анықтау, спорт объектілерін салудың сапасы мен уақтылығын бақылау мақсатында спорт объектілеріне бардым.
Белсенді өмірлік ұстанымы бар азамат ретінде Ақтөбе қаласында Халықаралық әйелдер мен балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға құрмет көрсету және оларға көмек көрсету бойынша қайырымдылық акцияларын өткіздім.
Құрметті сайлаушылар!
Біздің басты жаңа Қазақстан құру мақсатымызды негіздей келе, мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым.
Жолдардың барлық түрлерін абаттандыру және жолдағы қауіпсіздік, көшелерді жарықтандыру;
Ауданда адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің болмауына байланысты медициналық ұйымдарды (емхана, аурухана), балабақшаларды, мектептерді, мәдениет объектілерін, спорт объектілерін (стадиондар, алаңдар, велосипед жолдары және т. б.), демалуға арналған объектілерді (саябақтар, скверлер, балалар алаңдары және т. б.) салу, сауда нүктелері; қоғамдық тамақтану объектілері (асханалар, кафелер, мейрамханалар және т.б.), қызмет көрсету кәсіпорындарын ашу (ателье, шаштараз) және басқа да көптеген мәселелер шешуді талап етіледі.
Жоғарыда аталған барлық проблемалардың шешімін ауданның даму жоспарын одан әрі іске асыра отырып әзірлеуден көріп отырмын.