Меню

Страницы

Статья

Даржанова Анар Нұрлыбекқызының сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Мен үшін әділетті Қазақстан құрылысының нәтижелерін қаламыздың әрбір тұрғынының сезінуі өте маңызды.

Мен үшін сіздерге өзімнің өмірлік және кәсіби тәжірибем,  VII шақырылымдағы депутат ретінде жұмыс істеген кезімде округ тұрғындары көтерген мәселелер мен ұсыныстар негіз болған сайлауалды бағдарламаммен жүгіну үлкен мәртебе және жауапкершілік.

Депутаттық кезеңімде (2021-2022 ж.) біздің округте 20 аула асфальтталды. Есет-батыр көшесі бойынша 11 аула (67А, 69Б, 71А, 71/1, 71/2, 73А, 73/2, 108, 110, 112, 75А), Тургенев көшесі бойынша 7 аула (62, 64, 66, 68, 70, 74, 74А), Қалдаяқов көшесі бойынша 2 аула (13, 17А).

14 қоқыс алаңдары жөнделді (Абай 9, 9А, 17В, 21, Тургенев 74А, 76/1, 78, Қалдаяқов 5Г, 23, 25, Әбілқайыр хан 29, Махамбетов 28, Есет батыр 69Б, Тілеу батыр 13).

6 балалар ойын алаңы (Абай 7, 9А, 15, 21, 21А, Есет батыр 108А), 2 спорттық воркаут алаңдары (Қалдаяқов 25, Абай 7) орнатылды.

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

Коммуналдық сала

Қалада электрмен жабдықтау желілерінің 74%-ға және кәріз желілерінің 78%-ға тозу проблемалары бар. Сондай-ақ, қалалық жолдардың 50%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

  • автомобиль жолдарын жөндеу;
  • аулаішілік жөндеу, бейнекамералар орнату;
  • көшелер мен аулаларды жарықтандыру;
  • балалар алаңдарын, спорт алаңдарын салу бойынша нақты жұмыс жүргізу;
  • округ тұрғындарының «Халық қатысатын Бюджет» жобасына қатысуы;
  • абаттандыру, көшелерді санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу;
  • контейнерлік алаңдарды жөндеу және қосымша контейнерлерді орнату бойынша мәселелер бар.

БІЛІМ

Білімге құштарлық, білімге ұмтылыс - қазіргі жастардың құндылықтар иерархиясының жоғарғы сатысы

Үздік тәжірибелерді пайдалана отырып, NN 25, 28, 30, 34 мектептерімен және гуманитарлық колледжбен білім беру сапасын арттыру және мектептердің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған  тиімді байланысымыз жалғасады.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Жастар-біздің болашағымыз

Мен жастармен олардың жан жақты дамуы үшін жайлы жағдайлар жасауда мақсатты түрде жұмыс істеуді жалғастырамын;

Бұл мәселені шешудің маңызды жолдарының бірі - мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға белсенді қатысуда, Жиенбаев ат. кітапхана базасындағы коворкингтің (жөндеуді аяқтау мерзімі – 2023ж. мамыр) тиімді жұмысында көріп отырмын. Кітапхана біздің округтің жастарының акселерация орнына айналатынына сенімдімін.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Барлығына өмір сүру жағдайларын жақсарту – мұқтаж адамдарға қолдау көрсету

        Мен үшін ең маңызды бағыт - халықты жұмыспен қамтуға одан әрі тарту, олардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;

        Жастардың, әйелдердің, мүгедек адамдардың, ерекше балалардың ата-аналарының экономикалық дағдыларын дамыту және кәсіпкерлік әлеуетін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыратын боламын.    

БЮДЖЕТ СФЕРАСЫ

Барлық мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру үшін қаражаттың жұмсалуына ерекше назар аудару

Құрметті жерлестер!

Біздің көшелеріміз, аулаларымыз, қаламыз, өміріміз және біздің еліміздің ертеңі әрқайсымызға байланысты!

Сайлау – бұл біздің тарихымыздың одан әрі даму барысын өзіміз айқындайтын жағдай. Бақытты және табысты өмір сайлау учаскелеріндегі белсенділікке, сайлауда берілген әрбір дауысқа тұтастай байланысты.

Үлкендерге – қадір мен құрмет!

Жастарға – қолдау мен қамқорлық!

 Ақтөбеге – өркендеу және өсу!

Дата публикации
16 мая 2023
Дата обновления
16 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Қайырғалиев Аслан Асқарұлының сайлауалды бағдарламасы
Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Өмірбекова Сәуле Рахымқызының сайлауалды бағдарламасы
21 мая 2025
Депутаттар БАҚ-та

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы