Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының
мүшесінен шығып қалғандардың орнына мүшелерін сайлау туралы Ақтөбе қалалық мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты 2 окргутік және 19 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелерін сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссиялары бес мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2024 жылғы 20 қараша мен 4 желтоқсан аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы 5 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Даржанова Анар Нұрлыбекқызы - Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Т. Ахтанов көшесі, 50 үй.
Жауапты адам – Алиханова Анар Ернұрқызы, №57 кабинет, телефон нөмірі 8(7132) 41-64-07
Электрондық пошта мекенжайы maslihataktobe@mail.ru
Ақтөбе қаласының округтік және учаскелік сайлау комиссияларындағы
бос орындар туралы мәліметтер
|
№ р/н |
Сайлау комиссия-сының нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
|
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
||||
|
Округтік сайлау комиссиясы |
|
|||||||
|
|
1. |
№10 |
«М. Құрманғалиева атындағы №32 гимназия» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 11 шағын аудан, 74А |
1 |
||||
|
|
2. |
№19 |
«Ақтөбе қаласының №48 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Сәңкібай батыр даңғылы, 14/8 |
2 |
||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы |
|||||||
|
|
3. |
№7 |
«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциалық емес акционерлік қоғамының оқу корпусы, Актөбе қаласы, Алматы ауданы, Ы. Алтынсарин көшесі, 4. |
1 |
||||
|
|
4. |
№18 |
«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Гастелло Н.Ф. көшесі, 51. |
1 |
||||
|
|
5. |
№32 |
«№40 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Т.Рысқұлов көшесі, 8А. |
1 |
||||
|
|
6. |
№33 |
«№26 орта мектебі» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Мир даңғылы, 47. |
1 |
||||
|
|
7. |
№50 |
«№20 орта жалпы білім беру мектеп-лицейі» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Маресьев көшесі, 75А. |
1 |
||||
|
|
8. |
№54 |
«Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейі» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 13. |
1 |
||||
|
|
9. |
№71 |
«Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі" КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 273А. |
1 |
||||
|
|
10. |
№72 |
«№1 орта мектеп» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Александр Алексеевич Гришин көшесі, 72, корпус 3. |
1 |
||||
|
|
11. |
№94 |
«Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК ғимараты, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Кеңес Нокин тұрғын үй алабы, Көкшетау көшесі, 2. |
5 |
||||
|
|
12. |
№98 |
«Белогор негізгі мектебі» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Белогор тұрғын үй алабы, Жауқазын көшесі, 11. |
1 |
||||
|
|
13. |
№116 |
«Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі» МКҚК ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 101 Атқыштар Бригадасы көшесі, 10А. |
1 |
||||
|
|
14. |
№117 |
«Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Қарғалы тұрғын үй алабы, Родниковый көшесі, 1. |
1 |
||||
|
|
15. |
№550 |
«№78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы" КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Есет батыр шағын ауданы, 67К. |
1 |
||||
|
|
16. |
№554 |
«№52 «Құлагер» балабақшасы» МКҚК ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Алтын Орда шағын ауданы, 43Б. |
1 |
||||
|
|
17. |
№556 |
«Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 4А. |
1 |
||||
|
|
18. |
№559 |
«Ақтөбе қаласының №48 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Сәңкібай батыр даңғылы, № 14/8 |
1 |
||||
|
|
19. |
№561 |
«№75 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Украинка тұрғын үй алабы, 147А. |
3 |
||||
|
|
20. |
№562 |
«Қызылжар орта мектебі» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Есет батыр шағын ауданы (4 шағын аудан). |
1 |
||||
|
|
21. |
№577 |
«Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Бауырластар-2 тұрғын үй алабы, 170А |
1 |
||||