Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелерін сайлау туралы
Ақтөбе қалалық мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелерін сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды.
Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Аумақтық сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2024 жылғы 31 қаңтардан бастап 14 ақпанды қоса алғанда сағат 18:00-ге дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы 15 ақпанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Даржанова Анар Нұрлыбекқызы - Ақтөбе қалалық мәслихаттың төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Т. Ахтанов көшесі, 50 үй.
Жауапты адам – Алиханова Анар Ернұрқызы, №57 кабинет, телефон нөмірі 8(7132) 41-64-07
Электрондық пошта мекенжайы maslihataktobe@mail.ru
Ақтөбе қалалық мәслихаты Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының екі мүшесін сайлайды:
|
№
|
Комиссияның атауы |
Объектінің (орналастыру үй-жайының атауы) |
Комиссияның орналасқан жерінің мекенжайы |
Комиссия мүшелерінің саны |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясы |
«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ |
Ақтөбе қаласы |
Ы. Алтынсарин көшесі |
14В |
2 |