Депутаттық сауал С.РАХИЕВ

 

Қалалық мәслихаттың 2023 жылғы                                                                Ақтөбе қаласының әкімі

31 тамыздағы сессиясында жарияланды                                                                              А.Б.Бекетке

 

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Азамат Бауыржанұлы!


Осы сәтті пайдалана отырып, Ақтөбе қаласын көркейту жолындағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін.
Халықтың мәселелерін шешуге көмектесу, мемлекеттік органдар мен қала тұрғындары арасында тиімді көпір болу – депутаттың басты міндеті. 
2023 жылдың 19 наурызында №29 сайлау округінен                                                         VIII шақырылымның депутаты болып сайландым. Сонымен қатар,                                    VII шақырылымдағы депутаттық корпуста да тәжірибем бар.                                                    VII шақырылымдағы депутаттық корпус қызмет еткен кезеңде мен қаламыздың өміріне қатысты көптеген өзекті мәселелерді көтеріп, оң тәжірибе жинақтадым және оларды шешуде өзіндік көзқарасым бар. Ақтөбе қаласы орталық бөліктен де, тұрғын аудандардан да тұрады. Бір айта кетерлігі, Ақтөбе қаласының орталық бөлігінде тұратын қала тұрғындарының тұрмысынан шеткі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі айтарлықтай ерекшеленеді.
Мысалы, Заречный 3-4, Қарғалы және Рауан тұрғын алаптары қала орталығынан біршама қашықтықта орналасқан, мұнда әлеуметтік нысандар, спорт кешендері, медициналық мекемелер, демалыс орындары жоқ. Осыған байланысты, елді-мекендердің тұрғындары қаланың орталық бөліктеріне қатынауға мәжбүр. Негізгі тасымалдау түрі – қоғамдық көлік, оның жұмысы азаматтардың күнделікті наразылықтарын туғызады. Шалғайдағы елді- мекендердің тұрғындарының барлығы дерлік қаланың орталық бөлігінде жұмыс істейді, олардың балалары да қаланың шағын аудандарында білім алып, секцияларға қатысады. Қоғамдық көліктердің жұмысындағы үзілістерге байланысты елді-мекендердің тұрғындары аялдамаларда сағаттап бос тұрып, жұмысқа, университетке, мектептерге, секцияларға үнемі кешігіп, кейде такси қызметін пайдалануға мәжбүр болып, олардың отбасылық бюджетіне айтарлықтай кері әсер етуде. Тұрғын алаптардағы заманауи қала инфрақұрылымын дамытуға кешенді түрде қарау керек деп ойлаймын. 
Осыған байланысты, Сізге ерекше назар аудару қажет бірнеше ұсыныстарымды білдіремін:
1. Жұмыс барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің көптеген жобаларды жүзеге асыруда нақты аумақтарды дамытумен байланыстырылған қандай да бір бекітілген жоспарсыз, кездейсоқ тәртіппен жүзеге асырылатынын байқадым. Мысалы, салыстырмалы түрде соңғы уақытта қалыптасқан кейбір тұрғын аудандарда асфальт жамылғысын төсеу, инженерлік коммуникацияларды жеткізу және басқа да абаттандыру жобалары іске асырылуда, ал өмір сүруге қажетті қаладағыдай жағдайды осыған ұқсас проблемалары бар тұрғын алаптар болса жобалардың жүзеге асырылуын 30-40 жыл  күтуге мәжбүр. Осыған сүйене отырып, жергілікті атқарушы органдар шешім қабылдағанда бұрын қандай тұрғын алаптар құрылғандығы, онда қанша адам тұрып жатқандығы, қандай әлеуметтік нысандардың жаяу қашықтықта орналасқандағы және т.с.с мәліметтер неліктен ескерілмейді деген сұрақ туындайды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп атап өткен болатын. Бұл мәселенің негізгі себебін мен сапалы, сандық және уақытша көрсеткіштермен тұрғын үй алаптарын дамытудың бекітілген кешенді жоспарының жоқтығынан деп есептеймін. Мен қала бюджетінің шектеулі екенін түсінемін, дегенмен, жеке тұрғын үй алаптарын дамыту жоспарын бекітетін болсақ, бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын айтарлықтай оңтайландырады және бюджет қаражатын кезең-кезеңімен әділ бөлуге көмектеседі. Осылайша, тұрғындар өздері тұратын алаптарда қашан және қандай абаттандыру жұмыстары жүргізілетінін білетін болады. 
Тұрғын алаптарды дамыту жоспарын әзірлеу және бекіту туралы ұсынысты Ақтөбе қаласының бұрынғы әкімі М.У. Жөребеков қабылдап, қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуінде қаланың 54 тұрғын үй алабын дамыту жоспары әзірленетінін мәлімдеді. Бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Оны қалыптастыру кезінде елді-мекеннің салынған жылы, халық саны және басқа да көрсеткіштер деректеріне назар аудару керек. Алайда, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бүгінгі күнге бұл бағытта белсенділік байқалмайды. 
2. 2018 жылы Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен қалада Астана және Алматы екі аудан құрылды. Жыл сайын Астана және Алматы аудандары әкімдіктерінің аппаратын ұстауға бюджеттен қаражат жұмсалады. Дегенмен, іс жүзінде барлық жұмыстарды Ақтөбе қаласының әкімдігі жүзеге асырады, себебі аудан әкімдіктерінің қала мәселелерін жедел шешу үшін бюджеті шектеулі. Орталықсыздандыру тәсілін қолданып, бюджетті операциялық шығыстарға, атап айтқанда, қаланы қысқы-жазғы күтіп ұстауға, нөсер кәріздерін, тротуарларды тазалауға және басқа да ілеспе қызметтерге жұмсалатын қаржыны аудан әкімдіктерінің бөлімдеріне беру қажет деп санаймын. Бұл оларға қаланы ұстаудың күнделікті мәселелерін өз бетінше және жылдам шешуге мүмкіндік береді, ең бастысы, Ақтөбе қаласының әкімдігі стратегиялық мәселелерге көбірек көңіл бөле алар еді.
3. Қалалық мәселелермен айналысқан депутат тиісті мемлекеттік органдарға өтініш жолдауға мәжбүр және өтініштерге жауап беру уақыты 15 жұмыс күнін құрайды. Әдетте, мемлекеттік органдар жауап беруді заңда белгіленген мерзім өткенге дейін кешіктіреді.  Жауапты соңғы күнге дейін созып, кешіктірудің қажеті жоқ деп есептеймін. Осының бәріне қарамастан, кейбір мемлекеттік органдардан ұзақ күткен жауап хатқа жиі «жауап-жауап» алады, осылайша депутаттар тиісті сұрақтың жауабын көрсету талабымен қайта өтініш жолдауға мәжбүр. Бұл жағдай кәсіби құзіреттіліктің жоқтығын көрсетеді немесе басшының жазаланбауын көрсетеді. 
Қорытындысына келгенде, ақпараттың дер кезінде алынбауынан қала және қарапайым халық зардап шегуде, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдарға ғана емес, халық қалаулыларына деген сенім деңгейін төмендетеді.
Осыған орай, тұрғындардың мәселелерін шешуде ашық және сындарлы диалог үшін мемлекеттік органдардың басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың өтініштеріне сауатты жауап беруді бірінші кезекте міндет етіп қоюыңызды сұраймын. Бұл әрекет мемлекеттік қызметшілердің жұмысын тәртіпке келтіреді, сонымен қатар мемлекеттік биліктің беделін арттырады.
Енді №29 сайлау округінің түйткілді мәселелеріне кеңінен тоқталғым келеді. Соңғы 6-8 жылда қаланың кеңейгенін, Ақтөбенің төңірегінде көптеген жаңа тұрғын алаптардың пайда болғанын бәрі біледі. Жаңадан бой көтерген массивтерді инженерлік желілермен, асфальт жабынмен қамтамасыз ету бағытында әкімдік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, әрине, құптарлық, бірақ тарихы тереңде жатқан елді- мекендердің мәселелерін де шетте қалдыруға болмайды, өйткені бұл аудандардың тұрғындарында ұзақ уақыт бойы жайлы өмір сүру жағдайлары болмаған, атап айтқанда:
- Рауан тұрғын алабында.
Бұл массив қолжетімді жерде мәдени-әлеуметтік және тұрмыстық нысандармен қамтамасыз етілуі керек, себебі қазіргі таңда алапта балабақша, емхана, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, заманауи балалар және спорт алаңдары, асфальт жол төсемдері, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар жоқ (тұрғын алаптың бүкіл аумағына қосылмаған). Айта кетерлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі алапқа асфальт төсеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеген, алайда құрылыс-монтаждау жұмыстарының қашан басталатыны әзірге белгісіз. 
- Рауан-2 тұрғын алабында.
2021 жылдан бері Рауан-2 тұрғын алабынан 1200 жер телімі берілген. Бүгінгі таңда 50 үйге жуығы салынып біткен. Сонымен бірге, тұрғын алапта инженерлік инфрақұрылым, атап айтқанда электр, су, кәріз, газ құбырлары жоқ. Инженерлік желілер жүргізілген соң тұрғын алап аумағын асфальттау, жарықтандыру және әлеуметтік-мәдени нысандарды салу жұмыстарын жүргізу қажет.
- Жібек жолы (Заречный-3) тұрғын алабында.
2004 жылдан бастап Жібек жолы тұрғын алабында алғашқы тұрғын үйлердің құрылысы және тіркеу жұмыстары басталды. Тұрғындар, сондай-ақ жастар санынының өсуін ескере отырып, биыл Ақтөбе қаласының әкімдігі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Оған қоса, балалар мен спорт алаңдарын салу, асфальттау, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл тұрғын алап бойынша асфальт төсеу және жарықтандыру бойынша әзірленген жобалық-сметалық құжаттама жоқ. Өз кезегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері келесі комиссияға тиісті өтініш берілетінін айтып сендірді. Айта кету керек, тұрғын алаптың аумағында демалыс үшін саябақ алаңдары жоқ, мәдени және пайдалы уақыт өткізу үшін алаң (саябақ) салуды жоспарлау қажет деп ойлаймын.
- Сарайшық (Заречный- 4) тұрғын алабында.
Сарайшық тұрғын алабында бүгінде көшелердің барлығына дерлік асфальт төселмеген, тұрғындар тарапынан инженерлік желілердің тозғанына, сондай-ақ көше жарықтарының, балалар мен спорт алаңдарының жоқтығына қатысты үлкен шағымдар түсуде. Бұл массивтің құрылысы 1994 жылы басталды, сол кездегі көптеген тұрғындар мемлекеттен көмек күтпестен, инженерлік коммуникацияларды өз күштерімен жүргізуге мәжбүр болды. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған коммуникациялардың қатты тозғандығы және апаттық жағдайларды алдын алу үшін оларды тез арада ауыстыру қажет екені анық. Бұл тұрғын алапта әлі де жайлы тұру үшін қажетті қолайлы жағдайлар жасалмаған. Сарайшық тұрғын алабының тұрғындары асфальт төсеу мен көшелерді жарықтандырудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді, сондай-ақ демалыс орындарын, балалар және спорт алаңдарын салуға арналған саябақ алаңдарын салуды көптен күтуде.
- Қарғалы тұрғын алабында.
Бұл тарихи тұрғыда бұрыннан қалыптасқан тұрғын аудандардың бірі. Тұрғын алапта жылжымайтын мүлікті тіркеу сонау 1950 жылдары басталды. Осы уақыт ішінде қандай да бір  өзгерістер болды, бірақ кешенді түрде қарастырылмады. Алаптың аумағын асфальттау мен жарықтандырудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу, заманауи мәдениет үйі, спорт және балалар ойын алаңдарын салу жобаларын жүзеге асыру, қоғамдық көліктегі іркілістерді шешу қажет.
Көктемгі су тасқыны кезінде алаптың өзін де, саяжайларды да су басып қалу мәселесі де бүгінгі күні өте өзекті.
Қазіргі уақытта №29 округті  қала орталығынан үш көпір бөліп тұр, бұл көпірлер қарбалас уақыттарда (в часы пик) көлікке лық толады. Қала тұрғындарының, көліктің көбеюіне байланысты қазірден бастап қаладағы көлік айрығын анықтау және жобалау үшін жер телімін бөлуге кірісу қажет. Жоспарланған жол айрығы аймағында жер телімдерін беру тоқтатылсын, себебі ертең оларды басқа облыстарға ауыстыру қажеттілігі туындайды, бұл өз кезегінде ұзақ уақытты алады. Мәселен, қазіргі таңда бір көпірдің жөндеу жұмыстарының жабылуына байланысты №29 округтің  және басқа да массивтердің тұрғындары күнделікті ыңғайсыздыққа ұшырап, қарбалас уақыттарда кептелісте бос тұруға мәжбүр. 
Сондай-ақ, көлік кептелісін азайту үшін тұрғын алаптарды урбанизациялау, атап айтқанда, іскерлік белсенділікті қалыптастыру арқылы жұмыспен қамту құрылымын, өмір салтын, әлеуметтік қатынастарды өзгерту арқылы қоғамның дамуындағы тұрғын алаптардың рөлін арттыру қажет. Урбанизация үдерісін жүзеге асыру тұрғындардың қаланың орталық бөліктеріне күнделікті жүру қажеттілігін жояды. Жалпы, елді мекендерде де, қалада да халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, саябақ аймақтарын, желілік саябақтарды салу жобаларын іске асыру, қауіпсіз қозғалыс үшін жаяу және велосипед инфрақұрылымын құру қажет, бұл өз кезегінде атмосфераға зиянды шығарындылардың мөлшерін азайтады. 
«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ мен «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің жұмысын бөлек атап өткім келеді, бұл бөлімдерге тиісті шаралар қабылдау қажет деп есептеймін. Қалалық мәслихаттың шілде айында өткен кезектен тыс 5-сессиясында аталған екі бөлімді қосып, «Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ болып шешім қабылданды. Бұл өте дұрыс шешім деп есептеймін. Ендігі кезекте бөлімнің жұмысын жандандыру керек: жер телімдерін беру, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және т.б кезінде қаламыздың дамуын кешенді түрде қалыптастыруды қарастыру. Белгілі бір аумақтарды одан әрі дұрыс дамыту үшін тарихи дамыған тұрғын ауданында жаңа ғимараттар немесе құрылыстар салуды болдырмау қажет. Мен жер телімдерін беру кезінде нысаналы мақсатты немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлуді, қызыл сызықтарды және игерімді бақылау сызығын, дамытуды ұйымдастыру ережелерін сақтай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алу қажеттігіне қатысты өз пікірімді бірнеше рет білдірдім. 
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қаламыздың осы аталған проблемалары бойынша шешім қабылдау кезінде менің ұсыныстарыма назар аударуыңызды, сондай-ақ №29 сайлау округінің мәселелерінің оңтайлы шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын.
 


Ақтөбе қалалық мәслихатының 
№29 сайлау округінің депутаты                                                             С.Рахиев

 

Дата публикации
14 сентября 2023