Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Тәжіғұлов Дәурен Мұратқалиұлы
№10 бір мандатты округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты
Общая информация, образование

1989 жылы 22 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Білімі:

2002-2006 жылдары Ақтөбедегі дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде оқыған.

2006-2010 жылдары Қазақ-британ техникалық университетінде мұнайгаз ісі мамандығы бойынша білім алды.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетін «Құбыр желісі инженериясы» магистрі мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірді.

Карьера

2011-2019 жылдары Астана қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің газ жобалары мен газға қосуды дамыту басқармасының сарапшысы, аға сарапшысы, басқарма басшысы болып еңбек етті.

2019-2022 жылдары Астана қаласында «KMG PetroChem» ЖШС-да газсепарациялық қондырғыны жобалау мен технологиясы бойынша депаратменттің құбыр желісі жетекшіcі инженері болды.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе қаласындағы «Koz Alemi» офтальмология және көз хирургиясы орталығының директоры болып қызмет атқарады.

Қазіргі уақытта «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ атынан мемлекеттің қолдауымен Ақтөбе қаласында аумағы 1000 шаршы метр көп функционалды спорттық кешен құрылысы жобасын жүзеге асыруда.  

♦ «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі.

2024 жылдың 3 сәуірінен бастап №10 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қаласы мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаты болып сайланды.

Телефон: +7 701-888-11-06

Instagram: @muratkaliev

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы