Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды тағайындау, оны дайындау мен өткізуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана қаласының, облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайлау туралы Ақтөбе облыстық мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайланатындығы туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылғы 9 қазаннан бастап 23 қазанға дейін облыстық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партия, өзге де қоғамдық бірлестік органы, олардың құрылымдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
2) саяси партияны, өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін)тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) облыстық мәслихатқа кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясыныңжұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (өтініш нысанын мәслихаттан алуға болады).
Облыстық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы,мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 23 қазанғы дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Облыстық мәслихаттан құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға – Айгүл Егізбайқызы Дүйсенова, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, каб. №206, қалааралық телефон коды (87132), қызметтік 54-44-106, факс 54-34-75, электрондық почта мекен-жайы aqtobeoblystyqmaslihaty@gmail.com.
|
Округтік сайлау комиссиясының нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Бос орындар саны |
|
№ 15 округтік сайлау комиссиясы |
Қобда ауданы, Қобда ауылы, Көпжасаровтар көшесі, 33, аудандық білім бөлімі ғимараты |
2 |
|
№ 16 округтік сайлау комиссиясы |
Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Республика көшесі 799, «№ 7 Хромтау мектеп-гимназиясы» КММ ғимараты |
2 |
|
№ 2 округтік сайлау комиссиясы |
Ақтөбе қ., Сағи Жиенбаев к., 129, «Әлкей Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты |
1 |
|
№ 4 округтік сайлау комиссиясы |
Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар к., 293А, «№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі» КММ ғимараты |
1 |
|
№ 7 округтік сайлау комиссиясы |
Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр даңғылы, 20А, «Қоғамдық келісім» КММ ғимараты |
2 |
|
№ 8 округтік сайлау комиссиясы |
Ақтөбе қ., Ораз Татеұлы к., 3Б, «Міржақып Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ ғимараты |
1 |
|
№ 9 округтік сайлау комиссиясы |
Ақтөбе қ., Қарғалы тұрғын үй алабы, Қ. Сәтпаев к., 38, «№53 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты |
2 |
|
№ 10 округтік сайлау комиссиясы |
Ақтөбе қ., Есет батыр шағын ауданы, 12А, «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ғимараты |
1 |
|
№ 17 округтік сайлау комиссиясы |
Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Аякқұм көшесі, 1, №8 орта мектеп ғимараты |
1 |
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясын ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабының 3-тармағының 1-1) және 7) тармақшаларына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясын өткізу 2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 15:00-ге ауыстырылсын.
2. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
төрағасының міндетін атқарушы Н.Махамбетов
Облыстық мәслихат төрағасының
ӨКІМІ 2026 жылғы 4 қыркүйек №70
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясын ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабының 3-тармағының 1-1) және 7) тармақшаларына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. Сүйінтаева
Облыстық мәслихат төрағасының ӨКІМІ
2026 жылғы 31 тамыз №68
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясы 2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 10.00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
Баяндамашы: А.Б.Шахаров – Ақтөбе облысының әкімі
Хабарламашы: Н.С.Мақсатов – экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. Сүйінтаева
Шығып қалғандардың орнына Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 28 наурыздағы №112 бұйрығымен бекітілген, Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 37-тармағына, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесі төрағасының 2029 жылғы 9 шілдедегі №01-9/71 хатына және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысының 2026 жылғы 8 шілдедегі №13 хаттамасына сәйкес:
|
АРИНОВА Нургуль Тулендыевна |
өзін-өзі ұсынушы, «Актюбинский вестник» газетінің журналисті
|
|
АЛКИН Женис Дюсимбаевич |
«Қамқоршылық-Забота» қайырымдылық қорынан, «БИОС» медициналық орталығының басшысы
|
|
МҰСА Азамат Сақтағанұлы
|
от «100 дос» қоғамдық қорынан, «K7 Engineering» ЖШС директоры |
|
САКТАГАНОВ Алмаз Куанышович
|
өзін-өзі ұсынушы, Ақтөбе қаласының Аумақтық өзін-өзі басқару органының басшысы |
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. Сүйінтаева
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы 2026 жылғы 31 шілдеде сағат 11.00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
Хабарламашы: Н.С.Мақсатов – экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Облыстық мәслихат
төрағасының міндетін атқарушы А. Дюсенова
Облыстық мәслихат депутаттарының,
барлық мүдделі тұлғалардың назарына
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы 2026 жылғы 31 шілдеде сағат 11.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.
К ү н т ә р т і б і:
Хабарламашы: Н.С.Мақсатов – экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2026 жылғы 31 шілдеде сағат 11.00-де мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.
Облыстық мәслихат
төрағасының міндетін атқарушы А. Дюсенова
Ақтөбеде өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен облыстық мәслихат арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум аясында облыс аудандарына жұмыс сапарлары жалғасуда. Бұл тұрақты іссапарлардың мақсаты - ауыл кәсіпкерлігінің даму барысын бақылап қана қоймай, жергілікті жерлерде кәсіпкерлермен ашық әрі тікелей диалог орнату. Қарғалы ауданына кезекті сапар барысында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов пен облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Нұрлан Махамбетов жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен жан-жақты танысып, ауыл кәсіпкерлерін толғандыратын өзекті мәселелерді тыңдады. Кәсіпкерлермен өткен кездесулерге Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Өнербаев пен аудан әкімдігінің өкілдері де белсенді қатысты.
Жұмыс сапарының алғашқы нысаны "Медовик" шаруа қожалығының омартасы болды. Қазіргі таңда мұнда 77 ара ұясы бар. Шаруашылық басшысы Александр Сенацкий - өз ісіне берілген тәжірибелі маман. Ол Карпат және Карника тұқымындағы араларды өсіріп, биылғы маусымда 3 тоннаға дейін емдік қасиеті жоғары бал жинауды, сондай-ақ қыстайтын ара ұяларының санын 80-нен асыруды жоспарлап отыр. Өнімін үйінен және жәрмеңкелерде өткізіп келеді. Көшпелі омарта болғандықтан, балды өсімдіктерге қол жеткізуде қиындық жоқ.
Дегенмен омарташы саладағы өзекті мәселелерді де ашық айтты.
"Өңірдің ерекшелігіне байланысты маусым ішінде омартаны 5-тен 12 ретке дейін көшіруге тура келеді. Әрбір тұрақ шамамен 20 күнге созылады. Аптап ыстықта жергілікті жолдармен тасымалдау үлкен шығынға әкеледі: рамалар сынып, аралар мен аналықтар қырылады, ұялар қызып кетеді. Мұндай операциялық шығындар әсіресе ісін жаңа бастаған омарташылар үшін ауыр. Соның салдарынан бүгінде Ақтөбе облысында небәрі 800-ге жуық ара ұясы ғана бар. Салыстыру үшін айтсақ, Шығыс Қазақстан облысында бір ғана ауылда мыңнан астам ара ұясы кездеседі", - дейді кәсіпкер.
Кәсіпкердің ұсыныстарын тыңдаған Палата омарташылық саласын жүйелі қолдауға қатысты нақты бастамаларды тіркеді. Александр Сенацкийдің айтуынша, омарташыларға мал шаруашылығындағыдай қыстық азыққа жұмсалатын шығындарды субсидиялау және егістіктерді тозаңдандыру қызметі үшін төлем енгізу аса қажет. Мұндай қолдау, ең алдымен, шағын және орта шаруашылықтардың тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
"Мемлекеттік қолдаудың тиімділігі әлдеқашан дәлелденген. Бұрын асыл тұқымды шаруашылықтарды субсидиялау бағдарламасы жұмыс істеген кезде жергілікті кооператив мүшелерінің саны 12 адамнан 40 адамға дейін өсті", - деді Александр Сенацкий.
Палата мен мәслихаттың бірлескен сапарындағы келесі маңызды бағыт - мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау болды.
Шәмші Қалдаяқов ауылында делегация Елеусізовтер отбасының жылыжай шаруашылығында болды. "Ауыл аманаты" бағдарламасы арқылы ашылған жоба бүгінде сұранысқа ие қызғылт қызанақ өсірілетін 10 жылыжайға дейін кеңейген. Бұл - отбасылық кәсіптің жарқын үлгісі. Жеке кәсіпкер ретінде Гүлнар Елеусізова жұмыс істейді. Ол "Бастау Бизнес" жобасы бойынша білім алып, кәсібін кеңейтуге грант иеленген. Жұбайы Асылқан Ақтөбе қаласында жұмыс істесе де, күн сайын 40 шақырым жол жүріп, кешкісін жылыжай жұмысына көмектеседі. Сонымен қатар ауыл жастары да тұрақты түрде жұмысқа тартылады.
Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерінің даму жоспарлары мен кездесіп отырған кедергілерді ортаға салды. Отбасы тек шикізат сатумен шектелмей, кептірілген қызанақ пен мұздатылған өнім шығаруды қолға алуды көздейді. Бұл үшін көршілес жер телімін алу арқылы жылыжай аумағын кеңейту мәселесінде жергілікті атқарушы органдар мен Палатаның қолдауы қажет екенін айтты.
Осы ауылда жұмыс тобы "АкТеп" ЖШС-нің қуаттылығы 5 мың тонна болатын заманауи көкөніс сақтау қоймасының жұмысымен де танысты. Еуропалық автоматтандырылған желдету және салқындату жүйелерімен жабдықталған алты блок-секциядан тұратын нысан өңірдің маусымаралық кезеңдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Серіктестіктің өз картоп алқаптары бар, қосымша жерлер болған жағдайда дақылдарды одан әрі кеңейтуге дайын.
Осындай кәсіпорындардың қызметін зерделеу Палата мен мәслихатқа жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнім өткізу және логистика мәселелерін тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.
Жұмыс сапары Қосестек ауылында жалғасты. Мұнда делегация "Бастау Бизнес" жобасының тағы бір қатысушысы - "Моя семья" ЖК басшысы Наталья Родемен кездесті. Кәсіпкер 2018 жылы алғашқы грантқа ие болып, кейін "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында 4,5 млн теңге көлемінде грант алып, наубайхана ашқан. Бүгінде бұл кәсіпорын Әлімбет, Ащылысай және Қосестек ауылдарын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.
Кездесу барысында Наталья Роде қаржылық жүктеменің жоғары екеніне тоқталып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндіруші кәсіпорын ретінде электр энергиясының тарифін төмендету жөнінде өтінім бергенін жеткізді. Бұл мәселенің оң шешілуі халық үшін нан бағасын қолжетімді деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.
Өзекті мәселелерді жол бойындағы "Ақжол" дәмханасының басшысы Алёна Быкова да көтерді. Кәсіпорын Ақтөбе - Орск бағытындағы қарқынды автожол бойында орналасқан. Транзиттік көлік ағыны жоғары болғанымен, жұмыс күші жетіспегендіктен кемпинг қызметін толық көлемде дамыту әзірге мүмкін болмай отыр.
Жұмыс сапарының қорытындысын шығарған Дидар Боранқұлов пен Нұрлан Махамбетов Палата мен мәслихаттың меморандум аясындағы бірлескен сапарлары ауыл кәсіпкерлігінің нақты жағдайын көзбен көріп, кәсіпкерлердің мәселелерін тікелей тыңдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кәсіпкерлер көтерген барлық мәселелер - омарташылықты субсидиялау, жылыжайларға жер телімдерін бөлу, наубайханалар үшін электр энергиясы тарифін төмендету және басқа да ұсыныстар - тікелей бақылауға алынды. Бұл мәселелер аудан әкімдігі деңгейінде де, облыстық мәслихаттың бейінді комиссияларының отырыстарында да Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшыларының қатысуымен жан-жақты қаралатын болады.
Өңірлік бизнестің мүддесін қорғау бағытындағы бірлескен жұмыс жалғасуда.
Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясында 16 мәселе қаралды. Жиынға облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 2025 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын іске асыру, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі, 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2024–2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу және басқа да мәселелер қаралды.
2025 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын іске асыру және облыстық бюджеттің орындалуы туралы облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов баяндама жасады.
Оның айтуынша, өткен жылы облыстық бюджеттің кіріс жоспары 610,1 млрд теңгені құрады. Оның ішінде кірістер көлемі 550,8 млрд теңге болса, нақты түсімдер 551,2 млрд теңгеге жеткен. Осылайша, жоспар 101,1 пайызға орындалды.
Өткен жылы облыстық бюджеттің меншікті кірістері 105,4 млрд теңге көлемінде жоспарланған. Нақты түсімдер 113,2 млрд теңгені құрап, жоспар 7,8 млрд теңгеге артығымен орындалды. 2024 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 104,8 пайызды немесе 5,2 млрд теңгені құрады.
Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қанат Кенжиннің айтуынша, тексеру комиссиясының бағалауы бойынша 2025 жылға арналған облыстық бюджет нормативтік-құқықтық актілер мен негізгі қағидаттарға сәйкес келеді.
Сессия барысында облыстық мәслихат депутаттары баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар Айгүл Нұркеева мен Марат Қойлыбаев жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдарын жолдады.
Сессия жұмысын қорытындылай келе, облыс әкімі елімізде бюджет саласында жүргізіліп жатқан реформалар өңірлердің өкілеттіктерін кеңейтуге және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануға бағытталғанын атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінде жергілікті деңгейге көбірек өкілеттік пен жауапкершілік жүктелуде. Бұл аумақтарды дамыту мәселелерін жедел шешуге және халықтың нақты қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.