Меню

Страницы

Статья

№17 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, Төлеуова Кәмшат Шәкірбекқызы

Облыстық мәслихат депутатының №17 сайлау округі бойынша сайлауалды бағдарламасы

ТӨЛЕУОВА

Кәмшат Шәкірбекқызы

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат болып тіркеліп, артылған сенім мен үшін үлкен мәртебе. Төл перзенті ретінде туған жерімнің өзекті мәселелері мен әлеуметтік жағдайы жақсы таныс. Еңбек майданына араласқаннан бері осы өңірді дамыту жолындағы сан алуан жұмыстарға, әсіресе, ауылшаруашылығы саласын өркендету ісіне белсене араласып келемін. Барлығын ескере отырып, егер де Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайлансам, өмірлік тәжірибем мен білімімді, күш-жігерімді жұмсай отырып, мынадай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға жұмыс жасайтын боламын:

  • «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген басым бағыттар бойынша сайлаушылардың аманатын орындап, халықтың әл–ауқатын көтеру мақсатында қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ету;
  • Мемлекеттік бағдарламалардың аясында барлық сала бойынша жасалатын жұмыстарға қолдау білдіріп, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу орындарын көбейту арқылы ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға атсалысу;

 

  • Ауылдық жерлерде шағын және орта бизнеске, аграрлық саладағы шаруашылықтарға қолдау көрсету, «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ете отырып жұмыссыздық деңгейін төмендету;
  • Экологиялық дағдарыс аймақтарындағы туындаған проблемаларды жою жолында қоршаған ортаны қорғауды күшейту, ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындарының табиғатты ластауының алдын алу;
  • «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Торғай-Ырғыз-Шалқар-Бейнеу» жобасын жүзеге асыруды қолға алып, шалғай өңір, шет аймақтардың экономикалық байланыстарын, сауда-саттығын күшейту;
  • Облыс тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қол жеткізуіне және  емдеу мекемелерінің заманауи  медициналық құралдармен жабдықталуына, денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілігін арттыру  барысында тегін оқытуға қол жеткізуге  жұмыс жасау;
  • Өңір тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында әлеуметтік қолдау шараларын қолдана отырып, халықтың әлсіз топтарына қолдау көрсетіп, қамқорлық танытуға заңнамалық тұрғыда ықпал етуге, азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағаларының негізсіз көтерілуіне қатаң депутаттық бақылау орнатуға ықпал ету;
  • Халықтың мұң-мұқтажы мен өтініштеріне көмек көрсету мақсатында жедел желілер арқылы кері байланыс жүйесін пайдалана отырып, өтініш-шағымдарда көтерілген мәселелердің тез, әрі тиянақты шешілуі жолында жұмыс жасау;
  • Ауылдық жерлерді дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, оның ішінде Ырғыз ауданының Тәуіп, Құмтоғай, Жайсаңбай елді мекендерін, Шалқар ауданының Сарысай, Алабас, Бершүгір, Шілікті, Тоғыз елді мекендерін көгілдір отынмен қамту жұмыстарын қолға алып, тиісті шаралардың қабылдануына ықпал ету;
  • Бұқаралық спортты дамыту мақсатында тұрғындарға қолжетімді спорттық нысандарды салдыруға, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына, балалар мен жасөспірімдердің  дамуына арналған  орталықтар ашуға және оларға қолдау көрсетуге жұмыс жасау;
  • Білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және олардың материалдық базасын жетілдіру жолында қаражат бөлуді көбейтуге ықпал ету;
  • Мәдениет саласының дамуына қолайлы жағдай жасап, мәдениет нысандары мен демал орындарының салынуына ықпал ету, сондай-ақ жойылып кетудің алдында тұрған тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге және қорғауға алуға ықпал жасау;
  • Жерлестерімнің өзіме аманаттап берген өзекті мәселелер төңірегіндегі сауалдардың және халықтың өтініштері мен мұқтаждықтарының нақты шешілу жолдарын қарастыру;

 

№ 17 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Аякқұм көшесі, 1,

№8 орта мектеп ғимараты, тел. 8(71335) 31-0-51

 

          Шекаралары: Ырғыз, Шалқар аудандарының елді мекендері

          Сайлау учаскелері кіреді: № 216, 217, 218, 219, 220, 221, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 236, 238, 239, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 491, 492, 493, 494, 495, 496, 497, 498, 499, 500, 501, 502, 504, 505, 506, 507, 508, 509, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 518, 519, 520, 521, 547.

 

Дата публикации
30 мая 2023
Дата обновления
30 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 апреля 2026
Құрылым — Aқтөбе облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаттары - ҚР Президентінің №1521 Жарлығымен 2026 жылғы 12 қазаннан бастап өкілеттігі тоқтатылды
Ақпарат
10 мая 2024
«Қоғамдық бақылау туралы» Заңы бойынша сұрақтар және оған жауаптар
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы