АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТ САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
№16 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША
МУЛДАШЕВ ДӘУРЕН ХАЙРЕДЕНҰЛЫ

Құрметті сайлаушылар!
Менің кандидатурамды Ақтөбе облысы мәслихатының депутаттары ұсынғаны мен үшін үлкен мәртебе.
Мен Хромтау ауданы мен Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен тікелей таныспын.
Еңбек жолымда Хромтау ауданы тұрғындарының бастамасымен туындаған мәселелерді шешуге үнемі белсене қатыстым.
Сіздердің назарларыңызға өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын, оны сіздермен бірге жүзеге асырамыз деп сенемін:
- «Аманат» партиясының бағдарламаларын және Қазақстан Республикасы Президентінің ұлтаралық келісім, халықтар достығы тұрақтылығын, бейбітшіліктің, экономикалық дамудың, еліміздің әл-ауқатының кепілі ретіндегі саясатын жан – жақты қолдау;
- облыстық мәслихаттың сессияларында, оның тұрақты комиссиясының жұмысында мен өз округімнің сайлаушыларының мүддесін қорғаймын;
- қоғамдық – саяси жағдайды тұрақтандыру, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау шараларын қабылдау жұмыстарын үнемі жіті назарда ұстау;
- халықтың әлеуметтік жағынан осал бөлігінің – жұмыссыздардың, мүгедектердің, ардагерлердің, зейнеткерлердің, жетім балалардың көп балалы отбасыларының мүдделерін қорғауға;
- азық – түлік, ең қажетті тауарлар бағасын тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;
- әлеуметтік саланы жақсартуға ұмтылу: бұл тиімді жастар саясаты бағдарламасын құруға жәрдемдесу, шәкіртақы бағдарламасы арқылы жас таланттарды қолдау, жас кадрларға жағдай жасау, жастарға жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс;
- спорт және мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, спорттық және мәдени іс – шараларды қаржыландыруға, заманауи спорт алаңдарын салуға бюджеттен бөлінетін қаражатты ұлғайтуды жалғастырамын;
- облыс экономикасының басым бағыттарында шағын және орта бизнесті қолдау және жұмыс орындарының санын арттыру;
- экологиялық жағдайды жақсарту, санитарлық тазалауға, абаттандыруға, көшелерді жарықтандыруға, сондай-ақ Хромтау қаласының 22 кварталының кәріз жүйесі мәселесін шешуге бюджеттің ұлғаюына қол жеткізу;
- салауатты өмір салтын алдын алу және насихаттауда кәсіби тәжірибені пайдалану.
Біздің болашағымыз өз қолымызда. «Аманат» партиясы – қоғамды топтастыратын, жаңа табыстарға бағыттайтын күш.
Біз Қазақстанды қуатты етіп гүлдендіргіміз келеді. Ал біз бұған қалай қол жеткізуге болатынын білеміз.
Құрметті сайлаушылар!
Алға қойған міндеттерді шешуге күшім жетеді. Бұл үшін менің білімім де, тәжірибем де, күш-қуатым да бар, бірақ маған алдағы сайлауда сіздердің дауыстарыңыз керек.
Сіздердің қолдауларыңызды, ұсыныстарыңызды күтемін. Мен сіздердің рақымдарыңыз бен даналықтарыңыздан үміттенемін.
Құрметпен, Сіздің депутаттыққа үміткер кандидат.