Бір мандатты аумақтық №15 сайлау округінен
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутатты
Сисенбаев Естай Ибрагимұлы

Мен Ақтөбе облысының жергілікті тұрғыны ретінде өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуымен жете таныспын. Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына менің кандидатурамды ұсынуы мен үшін үлкен мәртебе.
Мен өз жұмысымда әрдайым өңірді дамытудың өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысып, әлеуметтік-өндірістік салаларын дамытуға ерекше назар аударып жүремін.
Осы кезге дейін облыстық мәслихаттың депутаты ретінде жинаған бай тәжірибемді аймағымыздың дамуына жұмсауға талпынып отырмын.
Мен 2023 жылғы бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайлауға қатысып отырмын. Осы сайлауда халық санына байланысты Байғанин, Ойыл, Қобда аудандарының атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелдім.
Мен мұны адал еңбекпен, өңіріміздің тұрғындарының келешегі жарқын болуы үшін барлық күш-жігерім мен тәжірибемді саламын.
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланып жатсам өзімнің өмірлік тәжірибемді, білімімді және келесі аспектілер бойынша Байғанин, Ойыл, Қобда аудандарының барлық өзекті мәселелердің оң шешімдерін іздеу бойынша жұмыс істейтін боламын:
Партиямыздың биік мұраттары мен мақсаттарына қол жеткізу жолында маңызды міндеттерін жүзеге асырып, ұлт мүддесіне үн қосу, туған жердің киелі топырағында адал қызмет ету.
Ойыл, Қобда, Байғанин аудандары бойынша сайлауалды бағдарламасы
Қобда-Ойыл автомобиль жолын күрделі жөндеуден өткізу;
Ойыл, Қобда, Байғанин аудандарының ауыларалық жолдарын қалпына келтіру, тас жол салу;
Округтердегі көгілдір отын мәселелерін қолға алу;
Мәдени және әлеуметтік нысандарын қалпына келтіру;
Ойыл ауданына қоқыс қалдықтарын өңдеу өндірісін қолға алу;
Білім, медицина, спорт салаларын дамыту;
Су тоғандарын стратегиялық бағытта күрделі мәселелерінің шешімін табу;
Интернет байланыс жүйелерін жақсарту;
Тарихи атауы бар алаңдарды ретке келтіру, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
Егін, мал, балық, орман және дәстүрлі емес шаруашылықтарды арттыру және даму жолдарын ұйымдастыру.
Ауылдардағы ауыз су мәселелерін түбегейлі шешу;
Байғанин ауданы бойынша орман шаруашылығын ашу;
Барлық аудандар бойынша экологиялық мәселелерін реттеу;
Дала өрттерінің алдын алу және өрт сөндіру техникаларымен жабдықтау;
Туризмді дамыту.
«AMANAT» жүгін арқалап, өзімнің жоспарлап отырған істерімді елімнің ертеңі, аудандарымның әл-ауқатын, әлеуметтік-экономикалық қуатын көтеру үшін арнаймын.
Мен өз елiмнiң болашағы үшін барлық күш-жігерімді аянбаймын.
Нар тәуекел!