Меню

Страницы

Статья

№11 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, Қалдығұлов Самат Рейұлы

№11 сайлау округі бойынша

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат

Калдыгулов Самат Рейұлының

Сайлауалды бағдарламасы

Урбанизация деп аталатын үдеріске шамадан тыс және негізсіз құштарлық ауыл тұрғындарының кедейленуіне әкеліп соқтырды және оларды жаппай қалаларға қоныс аударуға итермеледі. Бүгінде қазақстандықтар, әсіресе жастар «ауыл» сөзін келешексіз, қалыпты өмір сүруге мүмкіндігі жоқ жермен байланыстырады. Орасан жер қоры, егіншілік пен мал шаруашылығының бай тарихы болғанына қарамастан, Қазақстан әлі де импортқа, ал халық азық – түлік бағасының өсуіне тәуелді.

«Ауыл» партиясының бағдарламасынан

Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамды көпшілік назарына ұсына отырып, осы уақытқа дейін де қазақтың қара шаңырағы- Ауыл үшін барлық  күш-жігерім мен білімімді, бар саналы ғұмырымды арнағанымды айтып өткім келеді. Және осы бағытымнан таймай алдағы уақытта да ауылдың гүлденуі үшін барлық  мүмкіндіктерімді  пайланамын.

Қазір өзім үміткер ретінде қатысып жатқан облыстық мәслихатқа депутат болып сайланған жағдайда:

- ауылдық елді мекендер инфрақұрылымын қалпына келтіру және дамыту мәселелерінде кешенді және жүйелі тәсілді қолдануды;

- ауыл әйелдерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, оларға қолайлы жағдай жасауды;

- ауылдық елді мекендерді газдандыруды ұлғайтуды және оларды жоғары сапалы интернетпен қамтуды;

- ауыл мен қала арасындағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының қызметтері сапасындағы айырмашылықты айтарлықтай қысқартуды  қолға алатын боламын.

Гүлденген ауыл және тиімді ауыл шаруашылығы ауылдық жерлерде жайлы өмір сүру жағдайларын жасап қана қоймай, еліміздің барлық азаматы табысының өсуіне негіз болады, азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандырады, урбанизацияға байланысты өткір әлеуметтік проблемаларды азайтады. Сондықтан:

- қажетті экономикалық ынталандырулар мен құқықтық кепілдіктер бере отырып, «қалалық» бизнесті ауылдарға көшіру жөніндегі мәселеге назар аударамын:

- ауылдық жерлерде тұратын ерекше қажеттіліктері бар барлық азаматқа (мүгедектерге) әлеуметтік жәрдемақыларды ұлғайту туралы мәселеге бастамашы олуға тырысамын:

- аз қамтылғандар мен әлеуметтік осал топтар өкілдері үшін азық-түлік төлем карточкаларын енгізуге бастамашылық жасайды.

-егістікте өсірілген және қайта өңдеу кәсіпорындарында өндірілген өнімдер тікелей сөрелерге түсуі керек. Фермерлерді ірі сауда орталықтарына мүмкіндігінше жақындату қажет. Қосылған құн сол кезде ғана делдал емес, шаруалардың өздерінде қалады. Осы мақсат үшін жұмыстанатын боламын:

 

Қазақстанға өзгеріс қажет. Біз еліміздің шын мәнінде индустриалды - аграрлық, яғни, өзін – өзі қамтамасыз ететін, гүлденген және қауіпсіз болғанын қалаймыз!

Біз Қазақстанның аграрлы болашағына сенеміз!

Біз ауылда тұратын адамдарға сенеміз!

Біз жарқын болашаққа деген үмітті шындыққа бірге айналдырамыз!

 

Маған сеніп дауыс берген халықтың үмітін ақтауға  білім-білігім де, мүмкіндігім де жетеді. Сондықтан маған дауыс берулеріңізді өтінемін.

 

№11 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Алға ауданы, Алға қаласы, 5 ш.а. 4 үй, аудандық әкімшілік ғимараты, 

 тел. 8(71337) 4-20-15

 

          Шекаралар:  Алға ауданының елді мекендері.

          Сайлау учаскелері кіреді: № 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190,

 

Дата публикации
30 мая 2023
Дата обновления
30 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 апреля 2026
Құрылым — Aқтөбе облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаттары - ҚР Президентінің №1521 Жарлығымен 2026 жылғы 12 қазаннан бастап өкілеттігі тоқтатылды
Ақпарат
10 мая 2024
«Қоғамдық бақылау туралы» Заңы бойынша сұрақтар және оған жауаптар
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы