Меню

Страницы

Статья

№9 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, Жиембаев Алтынбек Байназарұлы

№9 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ  МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА

КАНДИДАТ ДЖИЕМБАЕВ АЛТЫНБЕК БАЙНАЗАРОВИЧТІҢ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті жерлестер! 

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жолдаулары мен «AMANAT» партиясының сайлауалды тұғырнамасында белгіленген нақты тапсырмалардың облыс аумағында орнықты әрі жүйелі жүзеге асырылуына ықпал етемін. Облыс көлемінде туындаған өзекті мәселелерді әріптестеріммен бірлесе шешуге, өзімнің өмірлік тәжірибемді пайдаланып, халық қалаулысы ретіндегі міндеттерімді адал атқарып, сайлаушылардың аманаттарын орындауға барлық күш жігерімді саламын. Алдыма нақты мақсаттар қоя отырып, облыс деңгейінде сайлаушыларымның алдында төмендегі бағдарламамды ұсынамын:

  • Білім беру саласында, оқушыларға сапалы білім беру бағытында тығыз байланыс орнатып, қажеттілікке байланысты жаңа мектептердің сапалы және уақтылы құрылысының жүргізілуіне: ағымдағы жылы 2023 жылы Ақтөбе қаласындағы "Шилісай-1" тұрғын алабында орта мектеп құрлысының аяқталуына, сондай-ақ 2025 жылы «Кірпіш» тұрғын алабында 600 орындық мектеп құрылысы жұмыстарының ұйымдастырылуына;
  • Тұрғындарды тасымалдау жұмысын жақсарту үшін Ақтөбе қаласының автобус парктерімен қала маңындағы аумақтарды автобуспен қамтамасыз етуге, автобустарды жаңартуға;
  • Жолдардың инфроқұрылымдарын дамыту мақсатында «Кірпішті» тұрғын алабында 11,6 км жол салуға;
  • Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы «Кірпішті» тұрғын алабы жанындағы Елек өзені көпірін қайта жаңартуға;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дамыту мақсатында «Жібек жолы» тұрғын алабында жаңа спорт кешенін салуға;
  • Мәдениет саласын дамыту мақсатында «Көктем» тұрғын алабында мәдениет үйін салуға;
  • Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында ағымдағы жылы: «Шилісай» тұрғын алабын су желісімен жабдықтауға; «Бекқұл баба-1» және тұрғын алаптың ескі бөлігінде су желісімен жабдықтауға; «Көктем» тұрғын алабында электр желілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстарын жүргізуге ықпал ету.

Жоғарыда аталған мәселелерді барынша жергілікті атқару органдарымен қоян қолтық араласа отырып, түйінді мәселелерді құзырлы органдармен бірлесе шешуге, қажет жағдайда сайлаушыларымның пікір ұсыныстарымен санаса отырып елге қызмет етемін.

Өз елінің нағыз патриоты ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне "нөлдік" төзімділік атмосферасын құруға және оның Қазақстандағы деңгейін төмендетуге, халқымыздың бірлігі мен тұтастығын нығайтуға ұмтылатын боламын.

Құрметті сайлаушылар!

Мен сайлауға Ақтөбе қаласының тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға қойылған міндеттерді шешу үшін барамын.

Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

 

№9 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Ақтөбе қ., Қарғалы тұрғын үй алабы, Сатпаев к., 38

№53 мектеп, тел. 44-57-58

 

          Шекаралар: Ақшат, Кірпішті, Келешек, Көктем, Балауса, Заречный-4, Қарғалы, Рауан, Шығыс, Бекқұл баба, Белогор карьері, Белогор, Ақтасты, Садовое, Шилісай, Өлке, Жібек жолы, Мағаджан, Сая тұрғын үй алабы және  айналасындағы бау-бақша ұжымдары.

          Сайлау учаскелері кіреді: № 30, 78, 92, 93, 97, 98, 100, 101, 102, 113, 114, 117, 122, 524, 534, 535, 536, 564, 529.

 

Дата публикации
30 мая 2023
Дата обновления
30 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 апреля 2026
Құрылым — Aқтөбе облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаттары - ҚР Президентінің №1521 Жарлығымен 2026 жылғы 12 қазаннан бастап өкілеттігі тоқтатылды
Ақпарат
10 мая 2024
«Қоғамдық бақылау туралы» Заңы бойынша сұрақтар және оған жауаптар
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы