Меню

Страницы

Статья

№8 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, Жолдасбаев Шахан Шахмаранұлы

Ақтөбе облыстық маслихатына

№8 сайлау округінен депутаттыққа үміткер

Жолдасбаев Шахан Шахмаранұлының өмірбаяны.

САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМА

 

Құрметті жерлестер!

Сіздердің қолдауларыңызға және мемлекет басшысының бағыт-бағдарына сүйене отырып, өзімнің өмірлік және кәсіби тәжірибеме сүйене отырып, мен өзімнің алдыма бірқатар міндеттер қойдым, оларды шешуге облыстық мәслихаттың депутаты ретіндегі қызметімді ұсынамын:

  1. Мүгедектер қоғамдастығының өкілі ретінде мен, әрине, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүдделеріне қолдау көрсетуді жалғастырамын. Қолжетімділік мәселелеріне басты назар аударып, және мобильділігі шектеулі барлық адамдар үшін кедергісіз, жайлы орта құруға күш жігерімді саламын. Ал бұлар өз кезегінде кішкентай сәбиі бар аналар, қарт азаматтар, қозғалыста уақытша қиындықтары бар адамдар, велоспорт қауымдастығы және, әрине арбаға таңылған тұрғындар;
  2. Қатардағы спортшы ретінде паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту мәселелерін және соған қажетті инфраструктура құрылысын қолға аламын;
  3. Жаңа шағын аудандарды салуда сапалы жоспарлау мәселелеріне белсене атсалысамын. Үйге іргелес аумақтарды абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын салу мәселелерінде «Халықтың қатысуы бюджеті» мемлекеттік бағдарламасы бойынша халықты ақпараттандыру және белсенді түрде қатысу қажет деген ұстанымдамын;
  4. Көшпелі комиссиялар жұмысы шеңберінде жолдардың, жаяу жүргіншілер жолдарын, жаяу жүргіншілер жолының құрылысын және көшелерді жарықтандыруды бақылауды жүзеге асыруда белсенділік танытамын;
  5. Қоғамдық көлік саласындағы жұмысты жалғастыру, жиналмалы пандустардың міндетті болуымен үлкен, жайлы және төмен еденді автобустардың санын көбейту қажет. Сондай-ақ сапалы аялдама павильондарын қайта жаңғырту мен салуды уақытылы жүргізуді бақылау.

Құрметті сайлаушылар!

            Мен сайлауға облысымыздың тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және әл-ауқатын арттыру бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін барамын. Баршаңызды азаматтық белсенділік танытып, жарқын болашақ үшін сайлауға келіп, дауыс беруге шақырамын!

            Біз бірлесіп алдымызға қойған барлық мақсаттарға жетіп, қуатты мемлекет құра алатынымызға сенімдімін!

 

№8 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Ақтөбе қ., Ораз Тәтеұлы к.,3Б, №63 мектеп

тел. 96-04-58

          Шекаралар: Сәңкібай батыр даңғылы мен Кең көшелерінің  қиылысынан, Кең көшесінің жұп бетінен Ағайынды Жұбановтар көшесіне дейін, Ағайынды Жұбановтар көшесінің жұп бетімен Ғ.Жұбанова көшесіне дейін, Ғ.Жұбанова көшесінен Триатлон саябағын жағалай М.Маметова көшесіне дейін, М.Маметова көшесінің тақ бетімен 12 шағын ауданының №54 үйіне дейін, №54, 52, 45Д үйлерін жағалай отыра Бокенбай Батыр көшесіне дейін, Бокенбай Батыр көшесінің тақ бетімен Красин көшесінің №41А үйіне дейін, №41А үйінен Бақтыбай батыр көшесіне дейін, №96/1, 96/2, 96/3, 96/4, 96/5, 96/6, 96/7 үйлерін қоспағанда, Бақтыбай батыр көшесінен Темірқазық көшесіне дейін, Темірқазық көшесінің тақ бетінен Мұхтар Әуезов көшесіне дейін, Мұхтар Әуезов көшесінің жұп бетінен Бөкенбай батыр көшесіне дейін, Бөкенбай батыр көшесінен Сазды тұрғын үй алабына дейін, Бауырластар-5, Бауырластар-2, Бауырластар, Береке тұрғын үй алаптарын қоса алғанда, Сазды тұрғын үй алабын жағалай отыра Ораз Тәтеұлы көшесіне дейін, Ораз Тәтеұлы көшесінен Сәңкібай батыр даңғылына дейін.

          Сайлау учаскелері кіреді: № 65, 90, 120, 121, 526, 539, 540, 542, 543, 546, 554, 555, 565, 566, 567.

 

Дата публикации
30 мая 2023
Дата обновления
30 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 апреля 2026
Құрылым — Aқтөбе облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаттары - ҚР Президентінің №1521 Жарлығымен 2026 жылғы 12 қазаннан бастап өкілеттігі тоқтатылды
Ақпарат
10 мая 2024
«Қоғамдық бақылау туралы» Заңы бойынша сұрақтар және оған жауаптар
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы