Меню

Страницы

Статья

№6 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, Данағұлов Ербол Жеткергенұлы

Ақтөбе облыстық мәслихатының №6 сайлау округі бойынша депутат

Данағулов Ербол Жеткергенұлы

Құрметті сайлаушылар!

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында және курсында көрсетілген басым бағыттар бойынша облыс халқының өміріне қолайлы жағдайлар жасау негізінде

Сіздердің назарларыңызға сіздермен бірге жүзеге асыратын сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:

- облыстық мәслихаттың сессияларында, оның тұрақты комиссияларының жұмысында менің округімнің сайлаушыларының мүдделерін ұсынамын және қорғайтын боламын;

- біздің қаламыздың өзекті мәселелері, тротуарларды, велосипедпен жүруге арналған жолдарды қалпына келтіру және салу, көгалдандыру, аулаларды, балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру мәселелерін бастауды қолға аламын;

- қолжетімді баспана құрылысын, автожолдардың және инженерлік  желілердің құрылысын дамытамын.

- мен ҚТҚ (қалалық тазарту құрылыстары) салу мәселесіне қатысуды жоспарлап отырмын, бұл мәселенің басым жоспары бар деп санаймын, өйткені ол қаланың дамуын шектейді, ал кейбір жағдайларда толығымен әлсіретеді. Қазіргі уақытта қолданыстағы ҚТҚ ағынды сулардың көлеміне төтеп бере алмайды, ал қазіргі жағдай қоршаған ортаға зиянды әсер етеді.

- облыс пен қаланың әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларын жандандыру, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды, аз қамтылғандарды, зейнеткерлерді және басқа да осал санаттарды қолдау арқылы ақтөбеліктердің әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу;

- өскелең ұрпақ үшін қолжетімді спорт кешенін, аула клубтарын және т. б. ұйымдастыру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету;

- жаңа құрылыс салуға және жолдарды сапалы жөндеуге қол жеткізу, сондай-ақ қоғамдық көлік желісін кеңейту мәселесін шешу;

- сондай-ақ, менің округімнің өзекті мәселесі-КСС (кәріз-сорғы станциялары) бойынша мәселелерді зерттеу және шешімін табу, өйткені олардың көпшілігі тозған және жағымсыз иіс шығарады бұл халықты алаңдатады;

- жастар қозғалыстарының қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, Облыс әкімдігі мен кәсіпорындардың қолдауымен салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жастарды спортпен, туризммен айналысуға тарту жөніндегі жұмысты жандандыру.

 

Құрметті жерлестер!

Осы бағдарламада белгіленген барлық мәселелер менің тұрақты жұмысымның тақырыбы болады, олардың шешімін облыс және қала басшылығының алдына қоятын боламын.

Қазақ Елі – үлкен жер аумағымен, тұрғындарымен әлемдегі ең бай елдердің бірі. Біздің еліміз өзінің  дана халқының арқасында әлемдегі жетекші елдердің қатарына енетіндігіне нық сенемін.

 

 

№6 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

 Ақтөбе қ., Жеңіс даңғылы 5, №47 мектеп ғимараты, тел. 44-57-74

 

          Шекаралар: Жастар көшесі мен Сәңкібай батыр даңғылы қиылысынан, Сәңкібай батыр даңғылының тақ бетімен Пожарский көшесіне дейін, Пожарский көшесінен Жіңішке өзеніне дейін, Жіңішке өзенін жағалай 312 атқыштар дивизиясы даңғылына дейін, 312 атқыштар дивизиясы даңғылынан жағалай Мартук бағытындағы тас жолымен 39 разъезд тұрғын үй алабына дейін, 39 разъезд тұрғын үй алабынан Құрайлы, Георгиевка тұрғын үй алаптарын қоса алып Елек тұрғын үй алабына дейін, Елек тұрғын үй алабынан Өрлеу тұрғын алабын, Вохр, Новостройка-2 кварталдарын қоса алып 312 атқыштар дивизиясына дейін,  312 атқыштар дивизиясынан бастап теміржол төсеміне дейін, теміржол төсемін жағалай отыра Бахытжан Махамбетов көшесіне дейін, Бахытжан Махамбетов көшесінің тақ бетінен бастап Есет батыр көшесіне дейін, Есет батыр көшесінің  тақ бетінен бастап Әбубәкір Кердері көшесіне дейін, Әбубәкір Кердері көшесінің тақ бетінен бастап Жеңіс даңғылы №30 үйге дейін, №30 үйден Маресьев көшесінің №11 үйіне дейін, №11 үйінен Кәсіподақ тұйық көшесінің №18 үйіне дейін, №18, 20, 23, 21 үйлерін жағалай отыра Маресьев көшесіне дейін, Маресьев көшесінің жұп бетінен  Пожарский көшесіне дейін, Пожарский көшесінің жұп бетінен Т.Рысқұлов көшесіне дейін, Т.Рысқұлов көшесінің жұп бетінен Жастар көшесіне дейін, Жастар көшесінің жұп бетінен жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарын қоса алып Сәңкібай батыр көшесіне дейін.

          Сайлау учаскелері кіреді: № 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 76, 106, 107, 118, 544, 559, 83.  

 

Дата публикации
29 мая 2023
Дата обновления
16 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 апреля 2026
Құрылым — Aқтөбе облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаттары - ҚР Президентінің №1521 Жарлығымен 2026 жылғы 12 қазаннан бастап өкілеттігі тоқтатылды
Ақпарат
10 мая 2024
«Қоғамдық бақылау туралы» Заңы бойынша сұрақтар және оған жауаптар
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы