№5 сайлау округі бойынша облыстық мәслихатының
депутаттығына кандидат Әліпов Серік Амантайұлының
сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!
Ақтөбе облысы бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат болып ұсынылу мен үшін үлкен мәртебе.
Мен өз қызметімде Ақтөбе қаласын дамытудағы өзекті мәселелерді шешуге үнемі белсене қатыстым. Өз кандидатурамды қолдап, облыстық мәслихаттың депутаттығына сайлану арқылы өмірлік тәжірибемді, білімімді, күш-жігерімді келесі аспектілерде пайдалана отырып, барлық өзекті мәселелердің оң шешімін табуға жұмыс істейтін боламын:
Менің парызым – бүгінде өзін елеусіз, қорғансыз сезінетіндер – өз жасымдағы адамдарға көмектесу. Мен оларданмын және мен олар үшінмін! 50 жастан асқандарға әлеуметтік, моральдық және психологиялық қолдау қажет. Менің жасымдағы адамдар өмір сүруден қорықпауы үшін барлығын жасау керек. Менің мақсатым – бір нәрсе жасап үлгеру. Менің арманым – содан нәтиже шығару.
Құрметті сайлаушылар!
Мен сайлауға барамын және сіздердің қолдауларыңызға сүйене отырып, аймақтағы жағдайды жақсы жаққа өзгерту үшін бәрін жасаймын.
Мен ақтөбеліктерімнің саяси ерік-жігерін білдіріп, облыстық мәслихатта олардың мүдделерін лайықты түрде білдіруге дайынмын.