Облыстық мәслихат депутатының сайлауалды бағдарламасы
№3 сайлау округі бойынша
Сабыр Кайрат Канатович

Құрметті сайлаушылар!
Біздің басты мақсатымыз – Жаңа Әділ Қазақстан құру, сондықтан мен алдыма бірқатар міндеттерді қойдым:
1.Бірінші басымдық-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ол үшін сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне "нөлдік" төзімділік атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге ықпал ету қажет. Әрбір факт немесе тіпті тұспал мен күдік тиісті органдар мен БАҚ-да жариялануы керек.
3.Учаскедегі сайлаушыларымның тұрғылықты жерлерінде адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің болмауына немесе жетіспеуіне байланысты медициналық ұйымдарды, балабақшаларды, мектептерді, мәдениет объектілерін, спорт объектілерін (шағынстадиондар, алаңдар, велосипед трассалары және т. б.), сонымен қатар, демалыс үшін (саябақтар, скверлер, балалар алаңдары және т. б.) және полиция объектілерін, (жаңа, қосымша ғимараттар), кеңейту немесе күрделі жөндеу мәселелерін шешу талап етіледі.
Жастарды жұмысқа орналастыру бойынша:
Ақтөбе қаласы бойынша жыл сайын 1,8 мыңнан астам жастарды жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ"Жасыл Ел" жобасы шеңберінде (жазғы кезеңге) 1 мыңға жуық жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін боламын.
С.Баишев атындағы Университеттің жанындағы 500 орындық студенттік жатақхана құрылысына жәрдем көрсету.
- Ақтөбе қаласында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығын салуға бюджеттен қаражат қарастыруға ықпал жасау;
- Ақтөбе қаласында дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт кешенін салу жөнінде шаралар қабылдаймыз;
- Ақтөбе қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған түзету балабақшасын салуға қол жеткіземіз;
- "Кедергісіз келешек"жобасы шеңберінде инфрақұрылым объектілерін бейімдеу мәселелерін бақылауға аламыз;
- Ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, оның ішінде "Ардагерлерді ардақтайық"жобасы аясында әлеуметтік көмек көрсетеміз;
- Ақтөбе қаласының автобус парктерін жаңартуға және кеңейтуге ықпал ететін боламыз.
- Ақтөбе хром қосылыстары зауытының технологиялық жабдықтарының шаң-газ тазарту қондырғыларын реконструкциялауға және Ақтөбе ферроқорытпа зауытының газ тазарту құрылыстарын жаңғыртуға жәрдемдесетін боламыз;
- Ақтөбе қаласында кәріз тазарту құрылыстарын салу бойынша шаралар қабылдаймыз;
- қолайсыз еңбек жағдайлары бар қызметкерлерге жеңілдікті зейнетақылар туралы мәселе (зейнеткерлік жасты төмендету).
- Ақтөбе қаласы полиция басқармасының арнайы қабылдағышын салу бойынша шаралар қабылдаймыз;
- Ақтөбе қаласында жедел басқару орталығының құрылысына жәрдемдесетін боламыз.
Жоғарыда аталған барлық проблемалардың шешімін әрбір шағын ауданның, ауданның, жеке сектордың даму жоспарын әзірлеуден, мүдделі құрылымдармен келісуден, оны одан әрі іске асырудан басталады. Ол үшін жеке қабылдау, тұрғындармен (аула жиындары) және ПИК, ОСИ өкілдерімен, жергілікті белсенділермен, ақсақалдармен кездесулер өткіземін. Өзекті мәселелер мен олардың басымдығын анықтағаннан кейін, бизнес өкілдерімен және тиісті ұйымдардың басшыларымен бірлесіп билік органдарында мәселелерді шешуге жүгініп, қол жеткіземіз.
Өз елінің нағыз патриоты ретінде халқымыздың бірлігі мен ынтымақтастығыннығайтуғаұмтылатын боламын.
Құрметті жерлестерім!
Мен Ақтөбе өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Облыс тұрғындарының, атап айтқандаменің округімнің сайлаушыларының өркендеуі мен әл-ауқаты үшін мықты және «естуші» мемлекет құру!