Меню

Страницы

Статья

№2 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы

№2 сайлау округі

Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы - 1968 жылы 10 маусымда Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі-жоғары. Меценат, көптеген қайырымдылық шаралардың ұйымдастырушысы. 2016-2021 жж. облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, 2021-2022 жж. облыстық қоғамдық кеңес төрағасы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Ауған соғысының ардагері. Спорт саласының еңбек ардагері. Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде сайлануға өзін-өзі ұсынды. «Аманат» партиясының мүшесі.

Құрметті жерлестер! Қадірлі ағайын! 

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Адамға ең керек нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі» - дейді. Осы күнге дейін азды-көпті жұрт сөзін сөйлеп, мұқтаж болған ағайындарға қажет жерде қайырымдылық қылсам, шамам жеткенше ісіне қолдау сұрағандарға жәрдемші болып келемін. Қоғамдық мәселелерденде шет қалмай, азаматтық ұстанымымды айқын білдіру өмірлік ұстанымым.

Бестамақтағы ағайынның ата дәстүр мен тұрмысының мазасын қашырған шошқа фермасының жабылуына үлес қоссам, қасіретті қаңтарда елдің іргесі сөгілмесін деп шаршы топтың ортасына шықтым. Бар болғаны жұртымыздың біріне демеу, екіншісіне сүйеу бола білсем, кәдесіне жарасам деген ниет.

Ақтөбе қаласының №2 сайлау учаскесінен облыстық маслихат депутаттығына үміткер ретінде сайлауға қатысқалы отырмын. Облыстық маслихат депутаты атанып, қоғамдық қызметімді жалғастыратын болсам ГМЗ, Оторвановка, Авиагородок, 41 разъезд, Жарық шағын аудандары тұрғындарының мүдделерін қорғап, ұсыныс-тілектер, пікірлер мен өтініштердің ескерілуіне, олардың мемлекеттік органдар тарапынан орындалуына ықпал жасаймын. Өзім осы сайлау округінің тұрғыны болып табылатындықтан тұрғын үй алаптарының әлеуметтік мәселелерімен жеткілікті таныспын.

Тұрғындардың қауіпсіздігінен бастап, жайлы орта қалыптастыру, адамның қажеттіліктеріне сай исфраструктура құру, демалыс орындары мен саябақтар, жаяу жүргінші жолдарын салу секілді мәселелер, сайып келгенде Ақтөбе қаласын дамытуға бағытталған қаражаттың, жасалатын жағдайлар мен ресурстардың теңдей бөлінуін қадағалайтын боламын. Бұл, тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйіне, өмір сүру сапасының артуына әкеледі.    

№2 сайлау округі бойынша Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасы

Менің басты мақсатым – «Аманат» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, №2 сайлау округінің аумағында тұратын азаматтарға олардың әлеуметтік және өмірлік маңызды мәселелерін шешуде жәрдем көрсету.

Егер сіз маған сенім білдіріп, Ақтөбе облыстық мәслихатына өз өкіліңізді сайлауға әзір болсаңыз, онда мен өзіме нақты міндеттер қойып, оларды шешетін боламын.

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

Мәдениет және спорт-сауықтыру кешендерінің құрылысын жүргізу:

- Ясный тұрғын алабында ФОК құрылысын салуға қол жеткізу;

- Ясный тұрғын алабында мәдениет үйін салуға қол жеткізу;

Тұрғын үй алаптарының көшелерін жарықтандыру:

- Тұрғын үй алаптарындағы көшелерді сыртқы жарықтандыру, оларды күтіп ұстау және үнемі техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

- Қалалық аумақтың көшелерін сәндік жарықтандыру, оларды күтіп ұстау және техникалық қызмет көрсетуді;

- Трансформаторлық қосалқы станциялар мен кабель желілерін күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қолға аламын;

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету:

- Мемлекеттік мекемелер тарапынан және тұрғындар арасында көктем және күз мезгілінде тұрғын үй алаптарында екі айлық тазалық акциясын өткізуді ұйымдастырамын;

- Көшелерде профилактикалық дезинсекция, дератизацияны уақытылы жүргізілуін қадағалаймын;

- «Елек» өзенінің су айдынын санитарлық күтіп ұстау жұмыстарын жүргіземін;

Тұрғын үй алаптарын абаттандыру және көгалдандыру:

- Әуежай аумағын абаттандыру;

- Су тасқынына қарсы және осыған ұқсас іс-шараларды өткізу жөніндегі қызметтерді ұйымдастыру;

- Гүлзарлар мен көгалдарды отырғызу және күтіп ұстау шараларының жүргізілуін қадағалау;

Көлік инфрақұрылымын дамыту:

- Ақтөбе қаласының 41 разъезд автомобиль жолдарының құрылысы жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеуге ықпал жасаймын;

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау:

- Сайлау округіндегі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруіне қол жеткіземін;

Әлеуметтік сала:

- Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, патриоттық тәрбие беру, ұрпақ сабақтастығын сақтауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырамын;  

- осал топтардағы, аз қамтылған, көп балалы отбасыларына, мүгедектігі бар азаматтарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмектің көрсетілуін, мемлекеттік органдар тарапынан қолдау шараларының жүзеге асырылуын қадағалаймын;

- Сайлау округінің тұрғындарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша қолдау көрсетемін;

- білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласының жас мамандары үшін тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға ықпал жасаймын;

- оларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындарын бітірген және біздің сайлау округінің аумағында тұратын жас мамандар туралы мәліметтер жинаймын;

Құқықтық қорғау саласы:

- Сыбайлас жемқорлыққа және лауазымдық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын боламын;

- Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына партиялық бақылау жүргіземін.

Экономика және кәсіпкерлікті дамыту саласы:

- Ауылшаруашылығы құрылымдарын дамыту, ауылшаруашылығы өнімдерін шығаруға бағытталған кәсіпкерлерді қолдау шараларын жүзеге асырамын;

- «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыруға және насихаттауға қатысамын;

- Қолданыстағы заңнама шеңберінде өз сайлау округі кәсіпкерлерінің құқықтары мен мүдделерін үнемі қорғайтын боламын.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Бұл менің жаңа жоспарларым мен міндеттерімнің бір бөлігі ғана. Бізде «Аманат» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын ұзақ мерзімді стратегиясы бар. Менің бағдарламам қарапайым уәде емес. Бұған сенімді болыңыз.

Сіздің отбасыңызға жақсылық, бақыт және амандық, туған еліміз Қазақстанға тұрақтылық пен өркендеу тілеймін!

Құрметті сайлаушы!

Сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын және 2023 жылғы 19 наурызда сайлау учаскеңізге келіп, азаматтық борышыңызды орындауға шақырамын. 

 

№2 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері

 Ақтөбе қ., Сағи Жиенбаев к., 129, №71 мектеп ғимараты, тел. 44-57-62

          Шекаралар: Ш.Уалиханов және Жанқожа батыр көшесінің қиылысынан, Ш.Уалиханов көшесінің тақ бетінен Т.Ахтанов көшесіне дейін, Т.Ахтанов көшесінің жұп бетінен Қарасай батыр көшесіне дейін, Қарасай батыр көшесінен Пожарный көшесіне дейін, Пожарный көшесінің тақ бетінен Жаншы Досмұхамедұлы көшесіне дейін, Жаншы Досмұхамедұлы көшесінің жұп бетінен 30 лет Казахстана көшесіне дейін, 30 лет Казахстана көшесінің тақ бетінен Жыра көшесіне дейін, Жыра көшесінен Кленовый көшесіне дейін, Кленовый көшесінен Көктем көшесіне дейін, Көктем көшесінен Сағи Жиенбаев көшесіне дейін, Сағи Жиенбаев көшесінен  дейін, С.Жиенбаев көшесімен Оңтүстік айналма жолға дейін, Оңтүстік айналма жолымен Зинчеко көшесіне дейін, №41 разъезд, Жарық, Қанағат, Думан тұрғын алабын қоса алғанда, Зинченко теміржол төсеміне дейін, Авиагородок, Аэропорт орамын және 8 март көшесін қоса алғанда, теміржол төсемін жағалай Ломоносов көшесінің №17 үйіне дейін, Ломоносов көшесінің жұп бетінен Шоқан Уәлиханов көшесіне дейін.

          Сайлау учаскелері кіреді: № 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 103, 124, 538, 552, 553, 79, 125.

 

Дата публикации
29 мая 2023
Дата обновления
29 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 апреля 2026
Құрылым — Aқтөбе облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаттары - ҚР Президентінің №1521 Жарлығымен 2026 жылғы 12 қазаннан бастап өкілеттігі тоқтатылды
Ақпарат
10 мая 2024
«Қоғамдық бақылау туралы» Заңы бойынша сұрақтар және оған жауаптар
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы