Меню

Страницы

Статья

№1 бір мандатты сайлау округі бойынша Депутат, Итегулов Еламан Маратұлы

Облыстық мәслихаттың № 1 сайлау округі бойынша  депутат Итегулов Еламан Маратұлының сайлауалды бағдарламасы

- Біздің тұрғындарымыздың өмір сүруіне жауап беретін мекемелердің қызметін бақылау;

- Екібастұздағы жағдайды қайталамау;

- Ауызсумен қамтамасыз ету;

- Көгілдір отынмен  қамтамасыз ету;

- Жылуды бақылау;

- Энергия жеткілікті болуын қадағалау және т.б,  сондай-ақ өз білімімді және тәжірибемді келесі сұрақтарды шешуге жұмсаймын:

 

Автокөлік саласы:

        - Облыс және қаланың көлік тасымалдау мекемелерін толығымен қадағалау. Барлық қоғамдық көлік тасымалымен айналысатын компаниялар таңнан  кешке дейін тұрғындарды толықтай тасымалмен қамтамасыз етуі қажет. Автопарктер адамдар мен тұрғындар үшін жұмыс жасауы қажет.

 

Құрылыс саласы:

Қосымша балабақшалар салу:

— балабақша кезегінде тұрған барлық отбасылар аз уақыттың ішінде балабақшамен қамтамасыз етілуі қажет;

— балабақша құны барлық ата-ана төлей алатындай қолжетімді бағада болуы керек;

—Апаттық жағдайдағы  үйлер мемлекет қаржысымен жөнделуі керек.

 

Жол саласы:

Біз жолды өте көп саламыз,  бірақ сапасы өте нашар. Автожолдың сапасына мән беру керек.


- облыста жеке автокөлік саны артып келеді, сондықтан жаңа тұрғын үй салған кезде жерасты паркинг салуға мән берген жөн;

- Қаладағы көпқабатты үйлердің көше арасындағы жылдамдықты тежеу мақсатында «жатқан полицейлер» құрылғыларын көптеп орнату.



Тұрғындардың қауіпсіздігі:

- Учаскелік полицейлер құқықбұзушылықтың алдын алуда белсенділікпен жұмысты арттыру;

—қоғамдық тыныштық пен тәртіпті бұзатын тұрғындарды бақылауға алу;

— Аудандарда және облыс орталығында жұмыс жасап тұрған полиция пункттерін  көбірек салу;

- Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көшелер арасында көптеп бақылау бейнекамераларын орнатуды қадағалау. Негізгі басты мақсат —тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 

Әлеуметтік сала:

Сапалы әрі қолжетімді баспана салу;  Әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар мен  ата —анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнап баспана салу.

— Қала базарларындағы және дүкендердегі бағаны бақылауда ұстауды депутаттық қадағалауды арттыру;
        Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету; 

— Жоғары оқу орнын бітірген жастарды жұмыспен қамтамасыз ету;

— Балаларға арналған жаңа дамыту орталықтарын көптеп салу, спорттық,  музыкалық және өнер мектептерін салу,  оларға мемлекет бюджетінен және демеушілер тарапынан қаржы тартуды ұйымдастыру;

—Тұрғындардың барлығына қолжетімді бассейндер салу;

—балалар алаңын көп салу және тұрғындарға арнлаған саябақтар салуға жағдай жасау;

 

Экология: 

- Қаланың құрылыс компанияларымен келісе отырып,  ауаны шаңнан тазалайтын заманауи құрылғылар орнатуды қолға алу;

-Қаланың көркін ажарландыра түсетін жасыл желектерді себепсіз кесудің алдын алу.

 

№1 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері

Ақтөбе қ., Ш.Уалиханов к., 12А, №62 мектеп ғимараты, тел. 44-58-03

         

Шекаралар: 312 Атқыштар дивизиясы және Кенес Нокин даңғылдарының қиылысынан, Кеңес Нокин даңғылымен Ш.Берсиев  көшесіне дейін, Ш.Берсиев көшесінен 30лет Казахстана көшесіне дейін Баспаха тұйық көшесін қоса алғанда, 30 лет Казахстана көшесінен Жаншы Досмұхамедұлы көшесіне дейін, Жаншы Досмұхамедұлы көшесінен Пожарый көшесіне дейін, Пожарный көшесінен Некрасов көшесіне дейін,  Некрасов көшесінен Ахтанов көшесіне дейін, Ахтанов көшесінің тақ бетінен Шоқан Уәлиханов көшесіне дейін, Александр Яншин көшесін қоса алғанда, Шоқан Уәлиханов көшесінің жұп бетінен Ломоносов көшесіне дейін, Ломоносов көшесінің жұп бетінен 312 атқыштар дивизиясына дейін, жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарын қоса алып 312 атқыштар дивизиясы даңғылының қиылысына дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 119, 525, 537, 551, 74, 81.

 

Дата публикации
29 мая 2023
Дата обновления
29 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 апреля 2026
Құрылым — Aқтөбе облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаттары - ҚР Президентінің №1521 Жарлығымен 2026 жылғы 12 қазаннан бастап өкілеттігі тоқтатылды
Ақпарат
10 мая 2024
«Қоғамдық бақылау туралы» Заңы бойынша сұрақтар және оған жауаптар
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы