«Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 139 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2025 жылғы 27 маусымда мемлекеттік тіркеу тізіліміне №36348 болып енгізілген

 

Ақтөбе қаласы                          №232                          2025 жылғы 27 маусым

 

 

«Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 139 шешімінің

күші жойылды деп тану туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27, 50-баптарына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28467 тіркелген) Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 139 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Облыстық  мәслихаттың төрағасы

 

Г. Суентаева

 

Дата публикации
03 июля 2025