Ақтөбе облыстық мәслихатының Ш Е Ш І М І Ақтөбе қаласы №236 2025 жылғы 27 маусым

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                           №236                    2025 жылғы 27 маусым

 

Тұрақты комиссиялардың құрамы бойынша облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. Облыстық мәслихаттың келесідей шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:

1) облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы №5 «Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы туралы» шешімінде:

тұрақты комиссияның құрамына енгізілсін:

 

ДАНАҒҰЛОВ

Ербол Жеткергенұлы

 

№6 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат

СИСЕНБАЕВ

Естай Ибрагимұлы

 

№15 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат

тұрақты комиссияның құрамынан А.С.Өтегенов, Б.Т.Оянғалиев шығарылсын.

 

2) облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы №6 «Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы туралы» шешімінде:

тұрақты комиссияның құрамына енгізілсін:

 

НҰҒМАНОВА

Самал Болатқызы

 

«Ауыл» партиясынан депутат

тұрақты комиссияның құрамынан Е.И.Сисенбаев шығарылсын.

 

  1. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Облыстық                      

мәслихаттың төрағасы                                                  Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
01 июля 2025