Ақтөбе облыстық мәслихатының Ш Е Ш І М І Ақтөбе қ. №231 2025 жылғы 27 маусым

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қ.                                              №231                     2025 жылғы 27 маусым

 

Ақтөбе облысының өңірлік нышанын бекіту туралы

 

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және               өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                              1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәлихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе облысының өңірлік нышаны осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                              Г. СҮЙІНТАЕВА

 

 

Облыстық мәслихаттың

2025 жылғы 27 маусымдағы

№231 шешіміне қосымша

 

Ақтөбе облысының өңірлік нышанының

аннотациясы

 

Ақтөбе облысының «Ақтөбе –  алтын бесігім» нышаны өңірдің рухы мен мәдени байлығын көрсететін таңбасы болып табылады. Нышанның негізгі ерекшелігі – түрлі-түсті доға. Доғада күлгін, көк, қызғылт және  қызғылт сары  түстер қолданылған. Олар облыс мәдениетінің байлығын, халықтың бірлігі мен көпұлттығын бейнелейді. Бұл түстердің үйлесімі облыстың 90-нан астам этнос өкілдерін біріктіретін татулық пен келісімді білдіреді.

          Нышанда бейнеленген шаңырақ бейнесі қазақ мәдениетінде қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.

Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра. Сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы. Сондай-ақ, шаңырақ бейнесі Ақтөбе қаласының басты көрікті жерінің бірін білдіреді. 2009 жылы Ақтөбе қаласының 140 жылдық мерейтойына орай, қалада «Бірлік және Келісім» бульвары ашылды. Аумағы 64 мың шаршы метрге жететін бульварда «Шаңырақ» монументалдық-көркем ансамблі, амфитеатр және музыкалық субұрқақ орналасқан. 170 орынды амфитеатр көрермендерге ойын-сауық бағдарламаларын ұсынады. Ал музыкалық субұрқақ қазақ әндері мен танымал классикалық шығармаларды репертуарына қосқан.

Ұшып бара жатқан қарлығаш бейнесі сұлулық, бақыт пен бейбітшілік символы болып саналады. Қазақ халқы қарлығаш құсын ерекше құрметтеп, киелі құс санаған. Төле бидің «Қарлығаш әулие» атануының да астарында құстың бұл түрін тек қазақ халқы ғана емес, өзге халықтың да қастерлегенін аңғаруға болады. Тіпті, ел ауған «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңінде киіз үйдің шаңырағына бейкүнә құс ұя салғанда, оны бұзуға қолы бармаған.

Қарлығаштың үстіндегі күн шуағы қонақжайлық пен жылулықты білдіреді.

«Aqtobe altyn besigim» жазуы латын әрпімен жазылған. Бұл қаланың өзіндік ерекшелігі мен қайталанбас болмысын көрсетеді.

Сипатталған элементтер көркем үйлесім тауып, мағыналы-эстетикалық композицияны құрайды.

 

 

Ақтөбе облысының өңірлік нышанының авторы:

Жапанов Қасымхан Қабдрашитұлы

 

 

 

 

Дата публикации
01 июля 2025