Ақтөбе облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақтөбе қаласы №218 2025 жылғы 27 маусым
Жастар саясатын жетілдіру, іске асырылып
жатқан жастар бағдарламаларының тиімділігін арттыру, түрлі орталықтардың, бірлестіктердің, қоғамдастықтар мен қорлардың қызметі туралы
«Жастар саясатын жетілдіру, іске асырылып жатқан жастар бағдарламаларының тиімділігін арттыру, түрлі орталықтардың, бірлестіктердің, қоғамдастықтар мен қорлардың қызметі туралы» Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ә.Ж.Тұралиевтің баяндамасын тыңдап және талқылай келе, Ақтөбе облыстық мәслихаты облыста жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жастар саясатын дамыту және жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтеді.
Ақтөбе облысындағы жастар саны 267 724 адамды құрайды, бұл өңір халқының жалпы санының 28,2%-ын құрайды. Оның ішінде қалада 165 048 адам, ал ауылда 102 676 адам тұрады.
Бүгінгі күні жастар ресурстық орталықтары жастармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі құралдарының бірі болып отыр. Қазіргі таңда өңірде 14 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 1 облыстық, 1 қалалық және 12 аудандық орталық бар. Бұл орталықтарда жалпы саны 164 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде жастармен тікелей жұмыс жасайтын мамандар саны – 104.
2025 жылы Ақтөбе облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 512,847 млн. теңге бөлінді. Аталған қаражат аясында «Жасыл ел» жобасына – 426,0 млн. теңге, «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасына – 30,2 млн. теңге, «Жайдарман» ойындарына – 12,0 млн. теңге, «Волонтерлік қозғалысты дамыту» жобасына – 10,0 млн теңге, ал «Өзін-өзі басқару» жобасына – 18,0 млн. теңге қарастырылды.
Жастар саясатын іске асырудың негізгі құралы – Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы болып табылады. Бұл тұжырымдаманы Ақтөбе облысында іске асыру мақсатында арнайы іс-қимыл жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда. Жеті бағыттан тұратын тұжырымдаманың бірінші бағыты – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және шешім қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Президент жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия шешімі негізінде Ақтөбе облысынан 13 резервші іріктеліп, бүгінде олардың барлығы әртүрлі лауазымдарға жұмысқа орналасты. Соның ішінде 9 маман облыс аумағында қызмет етуде. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің дерегіне сәйкес, өңірде мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 2348 адамды құрайды, оның ішінде 35 жасқа дейінгі жастар – 870 адам немесе 38,9%.
Жастардың шешім қабылдау процесіне қатысуын арттыру және олардың бастамаларын қолдау мақсатында биыл жаңа «Өзін-өзі басқару» жобасы іске қосылды. Аталған жоба аясында жыл соңына дейін облыс бойынша 54 мыңнан астам студент пен жоғары сынып оқушысын біріктіре отырып, тренингтер мен мастер-кластар өткізу, мемлекеттік қызметке қызығушылықты арттыру көзделіп отыр.
Жастардың әлеуетін іске асыру және кәсіпкерлікке тарту – тұжырымдаманың екінші бағыты болып табылады. Осы бағыт шеңберінде жастарды әлеуметтендіруге және дамытумен қатар, тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша оң нәтижелер байқалуда. Мәселен, «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 2023 жылы – 42 жас, ал 2024 жылы – 67 жас баспаналы болды.
Жастарды жұмыспен қамту бағытында да бірқатар шаралар қабылданды. Есептік кезеңде 4775 жас жұмыспен қамту шараларына тартылды. Атап айтқанда, бос жұмыс орындарына – 1432 жас, «Жастар тәжірибесіне» – 281 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына – 243 жас, қоғамдық жұмыстарға – 817 жас, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 20 жас, «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасына – 12 жас орналастырылды. Сонымен қатар, электрондық еңбек биржасы арқылы 842 жас онлайн оқытудан өтті. Осы іс-шаралар нәтижесінде NEET санатындағы жастар үлесі 6,3%-ды құрап, 0,4%-ға төмендеді (5945 адамнан 4801 адамға дейін). Жұмыссыз жастардың үлесі 2,8%-ды құрап, 0,2%-ға азайды.
Жастардың жазғы кезеңдегі бос уақытын тиімді пайдалану және еңбекке баулу мақсатында «Жасыл ел» жобасы маңызды рөл атқарады. 2025 жылы бұл жоба аясында 3200 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жобада 1354 жас жұмыс жасауда. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында 240 шара ұйымдастырылып, 20 мың жас тартылды.
Кәсіпкерлік дағдыларды дамыту және әлеуметтік бағдарлау шеңберінде «Zhas Project» жобасы аясында 28 жас 1,0 млн. теңгеге дейінгі көлемде шағын грант алып, өз жобаларын жүзеге асырды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1072 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.
Оқу-ағарту мен мәдениет бағытында 2024-2025 оқу жылында облыстағы төрт жоғары оқу орнында 24 370 студент білім алуда, оның ішінде 7757-сі мемлекеттік грант иегерлері. 4869 орындық 11 жатақхана студенттерге қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, облыста техникалық және кәсіптік білім беретін 40 колледж жұмыс істейді, онда 28 133 студент оқып жатыр. Жатақханаға қажеттілік жоқ.
Волонтерлік қызмет те белсенді дамып келеді. Қазіргі таңда облыста 3000-нан астам волонтер біріктірілген 161 волонтерлік топ бар. Барлығы «QazVolunteer.kz» платформасында тіркелген. Ағымдағы жылы волонтерлік қызметті дамытуға 10 млн теңге бөлініп, 2025 жылы осы жоба аясында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 5000-нан астам жас қамтылатын болады.
Ұлттық құндылықтар мен патриоттық тәрбие бағытында 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, 3000-нан астам жас қатысты. 2000 жасты қамтыған 100-ден аса әскери-патриоттық шаралар өткізілді.
Жастарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында жыл басынан бері жастар ресурстық орталықтары арқылы 997 жасқа мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес берілді. Оның ішінде 117 жас – психологиялық, 854 жас – әлеуметтік, 26 жас – заңгерлік көмек алды. NEET жастармен жұмыс шеңберінде «Jumystap» әлеуметтік жобасы іске қосылып, халық көп шоғырланған орындарда 5 модульдік пункт ашылды. 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың мамырына дейін 1787 адам кеңес алды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облыста 1641 спорттық инфрақұрылым нысаны бар. Жалпы, спортпен 407 мыңнан астам адам айналысады, оның ішінде 77 мыңы – жастар. Жыл басынан бері 200-ге жуық бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, 20 мыңнан астам жас қамтылды. Құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, суицидтің, лудомания мен буллингтің алдын алу бағытында 1553 іс-шара өткізіліп, 34 мыңнан астам жас тартылды.
Ауыл жастарын қолдау және олардың мәдени дамуына жағдай жасау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы шеңберінде әр бағытқа 2,5 млн теңге көлемінде 10 жасқа қайтарымсыз гранттар бөлінеді (жалпы сома – 30 млн теңге). Сонымен қатар, ауыл жастарының белсенділігін арттыру мақсатында «Жайдарман» ойындарына 48 команда қатысып, 8000-нан астам жасты қамту жоспарлануда. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 518 жас маман 191 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, 120 маман 950 млн. теңгеге тұрғын үй құрылысына бюджеттік несие алды.
Алайда, жастар саясатын жүзеге асыру барысында бірқатар өзекті мәселелер туындауда:
Үшіншіден, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» және «Жұмысшы мамандықтар» жылын жариялауына орай кешенді жобалар жүзеге асыру көзделуде. Олар қатарында: «Еңбек жолы» өңірлік слеті, «Ауыл Live» жобасы, «Бес қару» әскери-патриоттық байқауы, «Adal Urpaq – 2025» жастар форумы, «JANA BELES» мүмкіндігі шектеулі жастар форумы және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бар. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша 29,2 млн. теңге қаражат қажет.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) жастар ресурстық орталықтары мамандарының жалақысын көтеру үшін 2026 жылғы бюджетте облыстық ЖРО-ға жылына 12,3 млн. теңге қаражат бөлуді қарастыру;
2) «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасының III кезеңін жүзеге асыру үшін 2026 жылғы бюджетте 500 млн. теңге бөлуді қамтамасыз ету;
3) «Таза Қазақстан», «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында жоспарланған кешенді іс-шаралар жобаларын іске асыру үшін 29,2 млн. теңге қосымша қаржыландыру бөлуді қарастыру.
1) іс-шараларды уақтылы және сапалы іске асыру үшін жауапты органдарды үйлестіруді қамтамасыз ете отырып, Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
2) жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында тұрақты оқыту іс-шараларын, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру туралы мәселені қарастыру;
3) жастарға арналған ақпараттық және кеңес беру қызметтерін онлайн платформалар арқылы кеңейту және «Jumystap» жобасының модульдік пункттерінің жұмысын жалғастыру, олардың қызмет аясын кеңейту мәселелерін қарастыру;
4) жастарды қолдауға бағытталған қорлардың қызметін бағалау және олардың гранттық бағдарламаларының әсерін күшейту үшін нәтижеге бағытталған индикаторлар енгізу;
5) облыстың жоғары оқу орындарымен бірлесіп, 2024-2025 оқу жылында үздік диплом (GPA 3.5 және одан жоғары немесе «қызыл диплом») алған жас мамандардың тізбесін қалыптастыруға және оларды жұмысқа орналастыру мәселесін қарау үшін мемлекеттік қызмет істері департаментіне, аудан әкімдіктері мен ірі кәсіпорындарға жіберу;
6) жастарды волонтерлік қызметке тарту жөнінде нақты шаралар қабылдау, волонтерлер санын көбейту, сондай-ақ олардың неғұрлым белсенділерін қосымша көтермелеу және марапаттау тетіктерін енгізу;
7) шетелдік волонтерлік бағдарламалармен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастыру;
8) жастар ресурстық орталықтарының мамандарын, психологтарды, заңгерлерді және әлеуметтік қызметкерлерді тарта отырып, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын жастар арасында түсіндіру жұмыстарын және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар жүргізу үшін мобильді консультативтік топ құру;
9) «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру көлемін ұлғайту жөнінде ұсыныстар дайындау;
10) «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде жас мамандарды тарту және бекіту, сондай-ақ көтерме төлемдер мен бюджеттік несиелердің жеткіліктілігін қарастыру;
11) ЖОО мен колледж студенттерінің жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етілуіне тұрақты мониторингті жүзеге асыру, студенттердің жатақханаларда бос уақыттарын тиімді өткізу үшін мәдени, спорттық және патриоттық іс-шараларды ұйымдастыру;
12) жастар арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың саны мен сапасын арттыру;
13) жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, гранттар, бос орындары және білім беру мүмкіндіктері туралы барлық ақпаратты біріктіретін ыңғайлы және интерактивті онлайн-портал құру мүмкіндігін зерделеу;
14) жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, жаңа идеяларды дамытуға және стартаптарды қолдауға бағытталған қазіргі заманғы коворкинг-орталықтардың, инкубаторлар мен акселераторлардың санын ұлғайту жөнінде ұсыныстар енгізу;
15) Облыс әкімі аппаратымен (Д.Д.Әмір) бірлесіп, мемлекеттік қызмет жүйесінде президенттік және өңірлік кадр резервіне енгізілген жас мамандардың мансаптық өсуіне жәрдемдесу;
16) Хромтау, Алға, Шалқар, Мұғалжар және Темір аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп, жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік қолдау шараларын (жалға берілетін тұрғын үй беру, жалақыға үстемеақы белгілеу және т.б.) ұсына отырып, аудандық маңызы бар қалаларда кадрлар тапшылығын толтыру үшін жас мамандарды тарту мүмкіндігін зерделеу;
17) Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен (Л.А.Оразбаева) бірлесіп жұмыссыз жастарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды ұлғайту жөнінде нақты шаралар қабылдау;
18) Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен (А.Ю.Юнисова) бірлесіп, жастардың патриоттық рухын нығайту мақсатында мұражайлар мен әскери-патриоттық көрмелерге баруды ұйымдастыру;
19) Мүдделі құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп, жастар арасында құқық бұзушылықтардың, нашақорлықтың, людоманияның, суицидтің және буллингтің алдын алуға бағытталған іс-шаралардың саны мен сапасын арттыру;
20) Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасымен (М.Ж.Махамбетов) бірлесіп, облыстың елді мекендерінде жастар үшін тегін немесе жеңілдікті шарттармен қолжетімді спорт объектілерінің тізбесін жасау және оның ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы кеңінен таралуын қамтамасыз ету;
21) Облыстың кәсіпкерлік (А.С.Салықбаев) және индустриялық-инновациялық даму басқармаларымен (Д.С.Әлібеков) бірлесіп, ірі жеке компаниялар мен инвестициялық қорлар арқылы жас кәсіпкерлерге гранттар беру мүмкіндігін зерделеу, ынтымақтастықтың тиісті тетіктері мен ұсыныстарын әзірлеу.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА