Ақтөбе облыстық мәслихатының
ШЕШІМІ
Ақтөбе қаласы №217 2025 жылғы 27 маусым
2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі
«2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Ә.Әбдікәрімовтің, Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Ы.Кенжиннің есептерін және облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н.Ж.Махамбетовтің қорытындысын тыңдап, облыстық мәслихат 2023 жылғы 13 желтоқсанда бекітілген және 2024 жылдың бюджетін атқару барысында нақтыланған «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешімі, нақтыланған көрсеткіштерден кірістер бойынша 102,9 пайызға, алынған нысаналы трансферттер бойынша 100 пайызға орындалғанын атап өтеді.
2024 жылғы облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 97,3 пайызға игерілді, түзетілген жоспар 633 696 794,2 мың теңгеден 616 781 885,4 мың теңгеге игерілді.
Осыдан басқа, республикалық бюджеттен жалпы сомасы 95 772 534,2 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға, жолдардың сапасын жақсартуға бағытталған жөндеу және күтіп ұстауды ұйымдастыруға, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға, жылумен жабдықтау жүйесін дамытуға, газ тасымалдау жүйесін дамытуға, инженерлік және көліктік инфрақұрылымды дамытуға, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, қоршаған ортаны қорғау және арнаулы мекемелер қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының еңбекақысын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға берілетін мемлекеттік стипендияларды арттыруға, халықты әлеуметтік қорғау мен көмек көрсетуге, нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған құралдарды (бұйымдарды) және атрибуттарды сатып алуға бөлінді.
Республикалық бюджет есебінен агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бюджеттік кредиттер бөлінді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VIII Бюджеттік кодексінің 125-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) және 9-1) тармақшаларына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдердің түсуін толық қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру, сонымен қатар облыстық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуына ай сайынғы мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
2) тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізе отыра бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалануға бақылауды күшейту;
3) бюджеттік қаражаттарды басқару бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметінің тиімділігін бағалаудың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету;
4) шығыстарды сапалы жоспарлауды және бюджет бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ететін, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларының жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау.
1) есептік кезеңге бюджет қаражатын қамту көлемін ұлғайтуды қарастыратын қадағалау шараларының тиімділігін арттыру;
2) бақылауды күшейту және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану арқылы аудит қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің мүлтіксіз және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;
3) Тексеру комиссиясының тапсырмалар мен ұсынымдарды орындау бойынша қабылдаған шешімі туралы (алу, ұзарту туралы) оларды хабардар ету бойынша аудит объектілерімен кері байланысты қамтамасыз ету.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА