Облыстық мәслихат төрағасының ӨКІМІ 2025 жылғы 13 маусым №37 Облыстық мәслихаттың кезекті он тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Облыстық мәслихат төрағасының

ӨКІМІ

2025 жылғы 13 маусым                     №37

 

Облыстық мәслихаттың кезекті он тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес                            ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Облыстық мәслихаттың кезекті он тоғызыншы сессиясы 2025 жылғы                       27 маусымда сағат 10.00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

  1. 2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі.

          1.1. 2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы облыс әкімдігінің баяндамасы.

 

Баяндамашы: Е.Т.Тұрсынғалиев - қаржы

басқармасының басшысы

 

          1.2. 2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша Тексеру комиссиясының баяндамасы.

 

                           Баяндамашы: Қ.Ы.Кенжин - Ақтөбе облысы бойынша

                                                                   Тексеру комиссиясының төрағасы

 

1.3. 2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның қорытындысы.

 

                    Хабарламашы: Н.Ж.Махамбетов – облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі

тұрақты комиссиясының төрағасы

 

  1. Жастар саясатын жетілдіру, іске асырылып жатқан жастар бағдарламаларының тиімділігін арттыру, түрлі орталықтардың, бірлестіктердің, қоғамдастықтар мен қорлардың қызметі туралы.

 

Баяндамашы: Ә.Ж.Тұралиев – Жастар саясаты

мәселелері басқармасының басшысы

 

  1. Өзге сұрақтар.

 

 

        Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                               Г. Сүйінтаева

 

Дата публикации
16 июня 2025