Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі Ақтөбе қаласы №210 2025 жылғы 7 ақпан №7 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат - Ф.С.Сансызбайдың депутаттық сауалдары туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                        №210                            2025 жылғы 7 ақпан

 

№7 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат - Ф.С.Сансызбайдың депутаттық сауалдары туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Шахаровқа, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М.Ж.Махамбетовке, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Д.С.Әлібековке және табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Қ.Құлмағамбетовке жолданған, №7 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Ф.С.Сансызбайдың депутаттық сауалдары назарға алынсын.
  2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             21-1-бабымен белгіленген мерзімде жауаптар ұсынуы үшін, «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» ММ (Т.В.Айтқалиев) депутаттық сауалдарды үш күндік мерзім ішінде жолдасын.

 

 

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                     Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
30 апреля 2025