Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы № 208 2025 жылғы 7 ақпан
Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №200 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №200 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА
Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 7 ақпандағы №208 шешіміне
қосымша
Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы
12 желтоқсандағы №200 шешімімен
бекітілген
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған
Ж Ұ М Ы С Ж О С П А Р Ы
Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмысын регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Мәслихаттың негізгі міндеттері тұрғындардың еркін білдіру, оны іске асыру үшін шараларды белгілеу, олардың жүзеге асырылуын бақылау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.
Атқарушы органдармен, барлық меншік үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс-әрекеттерді негізге ала отырып, Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды:
- облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін одан әрі көтеруге, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге, өндіріске аса тиімді инновациялық технологияларды енгізуге, шағын және орта бизнесті, жалпы, кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен ұйымдардың орындауына ықпал етуге;
- облыстық мәслихаттың депутаттарының, тұрақты комиссияларының, аппаратының нормашығармашылық жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық қағидаттарды сақтауға;
- облыстық бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуына, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға;
- тұрғындарды қолдау және қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға;
- облыста заңдылықты және қоғамдық тәртіпті нығайтуға, өңір тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге;
- қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға.
2025 жылға белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін мынадай мәселелерді қарау жоспарланады:
І. Облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер
І тоқсан
- Атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты төрағасының есебі туралы.
ІІ тоқсан
- Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған, салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.
1.1. 2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы.
2. Жастар саясатын жетілдіру, іске асырылып жатқан жастар бағдарламаларының тиімділігін арттыру, түрлі орталықтардың, бірлестіктердің, қоғамдастықтар мен қорлардың қызметі туралы.
- Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі топ).
- Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі топ).
ІІІ тоқсан
- Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі А.Б.Шахаровтың есебі туралы.
- Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі топ).
- Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі топ).
ІV тоқсан
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.
- Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі топ).
- Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (жұртшылықпен жұмыс жөніндегі топ).
Ескерту: Сессияларда айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды, бұрын қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпараттарды сессияның қарауына үнемі енгізу.
- Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының
отырыстарында қаралатын мәселелер
Бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі
тұрақты комиссия
I тоқсан
Бюджет, экономика,
өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі топ
- Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №186 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Аграрлық мәселелер, экология және
табиғатты пайдалану жөніндегі топ
- Ақтөбе облысында ветеринарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары туралы.
Құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
мәселелері жөніндегі топ
- «Алтын Орда» ықшам ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің проблемаларын шешу бойынша «Жол картасының» орындалу барысы туралы.
- Көп қабатты үйлердің жылу мен суды есепке алудың жалпыүйлік құралдарымен қамтамасыз етілу деңгейі туралы. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру.
II тоқсан
Бюджет, экономика,
өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі топ
1. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуына жүргізілген бақылау қорытындылары туралы есебі.
- Қаржы басқармасының 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.
- Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі топ).
Аграрлық мәселелер, экология және
табиғатты пайдалану жөніндегі топ
- Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «БатысҚазжерқойнауы» Батыс Қазақстан геология департаменті» РММ-нің Ақтөбе облысының аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметі туралы.
- Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының жер қойнауын пайдаланушылардың (ТӨС, ҚПҚ) өз міндеттемелерін орындауы жөніндегі есебі.
- «Ауыл - ел бесігі» ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттарының іске асырылу барысы туралы.
Құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
мәселелері жөніндегі топ
- Тұрғын үй, мектептер, емханалар, балабақшалар және спорт нысандары салаларындағы әлеуметтік нысандар құрылысын дамытудың проблемалары мен перспективалары.
III тоқсан
Бюджет, экономика,
өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі топ
- Инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражатты тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы.
- Мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, жұмыс кестесінен артта қалу, мердігерлердің шарттық міндеттемелерін орындамауы, жеткізілімдердің болмауы және т.б. салдарынан 2025 жылдың І-жартыжылдығына облыстық бюджеттің игерілмеу тәуекелдерін көрсете отырып, бюджет қаражатын игеру мониторингі бойынша қаржы басқармасының есебі.
- Тексеру комиссиясының 2025 жылғы І жартыжылдықтағы тексеру қорытындылары бойынша есебі.
Аграрлық мәселелер, экология және
табиғатты пайдалану жөніндегі топ
- Елді мекендерді абаттандыру және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің жұмысы туралы.
- Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың проблемалық мәселелері туралы.
- Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі топ).
Құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
мәселелері жөніндегі топ
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы.
IV тоқсан
Бюджет, экономика,
өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі топ
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру.
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіту.
- Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №186 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Аграрлық мәселелер, экология және
табиғатты пайдалану жөніндегі топ
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді және ұтымды пайдаланудың өзекті мәселелері.
Құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
мәселелері жөніндегі топ
- Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың облыстың елді мекендерін ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау туралы.
- Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі топ).
Әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссия
І тоқсан
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі топ
- Ақтөбе облысында олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерінің даму барысы және жоғары жетістіктердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы.
- «Дара бала» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы.
Заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі топ
- Жастар арасында нашақорлыққа тәуелділікті төмендетуге бағытталған шаралар туралы.
Жұртшылықпен жұмыс жөніндегі топ
- Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясымен этносаралық келісімді нығайту және ынтымақтастық бойынша қызмет туралы.
ІІ тоқсан
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі топ
- Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері.
- Демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.
- «Ақтөбе облысы әкімдігінің еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің қызметін талдау.
- Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі топ).
Заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі топ
- Ақтөбе қаласының учаскелік инспекторларының бекітілген аумақта халықпен өзара іс-қимылы және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу туралы.
- Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру туралы.
Жұртшылықпен жұмыс жөніндегі топ
7. Жастар саясатын жетілдіру, іске асырылып жатқан жастар бағдарламаларының тиімділігін арттыру, түрлі орталықтардың, бірлестіктердің, қоғамдастықтар мен қорлардың қызметі туралы.
ІІІ тоқсан
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі топ
- Ақтөбе облысында алғашқы медициналық-санитарлық және жедел медициналық көмектің жағдайы туралы.
Заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі топ
- Ақтөбе облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.
- Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі топ).
Жұртшылықпен жұмыс жөніндегі топ
- «Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылу барысы туралы.
ІV тоқсан
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі топ
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде қарау туралы.
Жұртшылықпен жұмыс жөніндегі топ
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмысты ұйымдастыру және оның қазіргі жағдайы туралы.
- Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (жұртшылықпен жұмыс жөніндегі топ).
III. Көпшіліктік тыңдаулар
Аса маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың қатысуымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырыстары нысанында жария тыңдаулар өткізу.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері, оларды шешудің мүмкін жолдары.
- «Депутат күндері»
Департаменттер мен басқармалар басшыларының облыстың даму жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы есептерімен, сондай-ақ білікті мамандарды тарта отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін зерделеу бойынша депутаттардың білім деңгейін арттыру үшін «Депутат күндерін» өткізу:
1 жартыжылдықта
- Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы.
2 жартыжылдықта
- Алаңдар мен саябақтарды кешенді көгалдандыру, абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
- V. Ұйымдастырушылық іс-шаралар
Депутаттар сайлаушылармен тұрақты байланыста болады, оларды облыстық мәслихаттың жұмысы туралы үнемі хабардар етеді, қоғамдық пікірді зерделейді және атқарушы органдарға мәселелер мен ұсыныстар енгізеді, бекітілген кестеге сәйкес сайлау округтерінде азаматтарды қабылдауды жүргізеді.
Мәслихат аппараты облыстық мәслихаттың, оның депутаттарының қызметі, өткізілетін іс-шаралар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы ақпаратты үнемі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, веб-сайтта және әлеуметтік желілерде орналастыратын болады.
Осы мақсатта депутаттардың жұмысында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін белсенді пайдалану қажет.