Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы № 205 2025 жылғы 7 ақпан
Облыстық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Облыстық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
- Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №186 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Н.С.Мақсатов – экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
- Атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты төрағасының есебі туралы.
Баяндамашы: Г.Р.Сүйінтаева – облыстық
мәслихаттың төрағасы
- Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі №48 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №200 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- №7 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Ф.С.Сансызбайдың депутаттық сауалдары туралы.
- №16 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Д.Х.Молдашевтің депутаттық сауалы туралы.
- «Aқ жол» партиясынан депутат – Р.А.Жалимбетованың депутаттық сауалы туралы.
- №13 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Н.Ж.Сарбасовтың депутаттық сауалы туралы.
- №14 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Б.О.Ізбасовтың депутаттық сауалы туралы.
- Облыстық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА