Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 желтоқсанда мемлекеттік тіркеу тізіліміне №8665-04 болып енгізілген
Ақтөбе қаласы №190 2024 жылғы 12 желтоқсан
Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27, 50-баптарына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Облыстық мәслихаттың төрағасы
|
|
Г. Суентаева
|
0
|
2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 190
|
облыстық мәслихаттың
шешіміне қосымша
Ақтөбе облыстық мәслихаттың
күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
- «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 84 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8467 тіркелген) шешімі;
- «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8466 тіркелген) шешімі;
- «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 84 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 27 мамырдағы № 139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8586-04 тіркелген) шешімі;
- «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Хромтау қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 10 шілдедегі № 156 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8608-04 тіркелген) шешімі.