Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74                    «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ  жаңа редакцияда жазылсын:

            «1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

  • кірістер – 527 448 415,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 71 047 145,9  мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 21 175 988 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 77 264 мың теңге;

трансферттер  түсімдері  – 435 148 017,9 мың теңге;

2) шығындар – 561 503 680,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 30 818 495,1  мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер –  46 395 348  мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 15 576 852,9 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -64 873 760,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
64 873 760,1 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 42 978 075 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 13 681 884,9 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 35 577 570 мың теңге.»;

 

  1. Көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

                 Облыстык

       мәслихаттың төрағасы                                              Г. СҮЙІНТАЕВА

 

 

 

 

Дата публикации
23 января 2025