2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 487 402 126 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 42 764 425 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 4 124 347 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер  түсімдері  – 440 513 354 мың теңге;

2) шығындар – 491 400 425 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредит беру – 638 910 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 15 028 218 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 389 308 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4 637 209 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
4 637 209 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 15 028 218 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 10 391 009 мың теңге.

  1. 2025 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:

1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласы бойынша – 34 %, Хромтау ауданына – 50 %, және Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 %;

 

2) әлеуметтік салық бойынша: Ақтөбе қаласы бойынша –  33 %, Хромтау ауданына – 55%, және Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 %;

3) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша Ақтөбе қаласы бойынша – 100%, Хромтау ауданына – 60 % және Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Шалқар аудандарына 100 %;

4) төлем көзінде салық салынбайтын кірістерге жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер Ақтөбе қаласы және аудандар бюджеттеріне толығымен есептеледі.

  1. 2025 жылға арналған облыстық бюджетте Ақтөбе қаласы және аудандық бюджеттерден бюджеттік алып қоюлардың көлемі 57 861 414 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

- Ақтөбе қаласынан – 39 858 488 мың теңге;

- Байғанин ауданынан – 2 453 027 мың теңге;

- Мұғалжар ауданынан – 8 252 326 мың теңге;

- Темір ауданынан – 1 144 017 мың теңге;

- Хромтау ауданынан – 5 771 853 мың теңге;

- Шалқар ауданынан – 381 703 мың теңге.

  1. 2025 жылға арналған облыстық бюджетте Ақтөбе қаласы және аудандық бюджеттерден трансферттердің түсімдері 1 201 683 мың теңге көзделсін.

Аталған  трансферттердің сомаларын бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.         

  1. Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9-бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

2) зейнетақының ең төмен мөлшері – 62 771 мың теңге;

3) айлық есептік көрсеткіш – 3 932 теңге;

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 46 228 теңге.

6._Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 12-бабына сәйкес 2025 жылғы
1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгіленгені еске және басшылыққа алынсын.

7._Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 13-бабына  сәйкес 2025 жылға республикалық бюджеттен  облыстық  бюджетке берілетін субвенция                318 046 527 мың теңге сомасында көзделді.

8._2025 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен  аудандық  бюджеттерге берілетін  субвенциялар көлемі 10 421 686 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Әйтекеби ауданына  –    861 092 мың теңге;

Алға ауданына          –    1 447 700 мың теңге;

Ырғыз ауданына       –    1 452 788 мың теңге;

Қарғалы ауданына    –    1 321 694 мың теңге;

Мәртөк ауданына     –     1 548 235 мың теңге;

Ойыл ауданына        –     1 771 506 мың теңге;

Қобда ауданына       –     2 018 671 мың теңге.

9._2025 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

1) ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілері қатарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

2) табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;

3) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге;

4) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге  құралдарды (бұйымдарды) және атрибуттарды сатып алуға;

5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;

6) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

7) еңбек мобильділігі орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге;

8) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

9) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;

10) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;

11) мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;

12) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;

13) жекеменшік орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға;

14) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға;

15) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;

16) вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға;

17) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;

18) халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар сатып алуға;

19) мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;

20) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге.

Аталған  трансферттердің сомаларын бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.         

10._2025 жылға арналған облыстық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттер түскені ескерілсін:

1) ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша жобаны масштабтау үшін ауыл тұрғындарына микрокредиттер беруге;

2) агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беруге;

3) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға.

Аталған  кредиттердің сомаларын бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.         

11._2025 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық маңызы бар қаланың бюджетіне және аудандық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер және даму трансферттері көзделсін:

1) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

2) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;

3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;

4) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі қызметтерге;

5) мемлекеттік органдар объектілерін дамыту;

6)_инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға;

7)_ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға;

8) «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

9) қалалар мен елді мекендерді абаттандыруды дамыту;

10) спорт нысандарын дамыту;

11) мәдениет объектілерін дамыту;

12) газ тасымалдау жүйесін дамыту;

13)_көлік инфрақұрылымын дамытуға;

14)_көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға.

15) «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

Аталған трансферттер сомаларын бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 1 557 429 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2025 жылға арналған облыстық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын облыстық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

                 Облыстык

       мәслихаттың төрағасы                                              Г. СҮЙІНТАЕВА

 

 

Дата публикации
23 января 2025