Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы № 200 2024 жылғы 12 желтоқсан
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА
Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № шешімімен
бекітілген
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған
Ж Ұ М Ы С Ж О С П А Р Ы
Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмысын регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Мәслихаттың негізгі міндеттері тұрғындардың еркін білдіру, оны іске асыру үшін шараларды белгілеу, олардың жүзеге асырылуын бақылау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.
Атқарушы органдармен, барлық меншік үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс-әрекеттерді негізге ала отырып, Ақтөбе облыстық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды:
- облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін одан әрі көтеруге, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге, өндіріске аса тиімді инновациялық технологияларды енгізуге, шағын және орта бизнесті, жалпы, кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен ұйымдардың орындауына ықпал етуге;
- облыстық мәслихаттың депутаттарының, тұрақты комиссияларының, аппаратының нормашығармашылық жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық қағидаттарды сақтауға;
- облыстық бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуына, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға;
- тұрғындарды қолдау және қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға;
- облыста заңдылықты және қоғамдық тәртіпті нығайтуға, өңір тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге;
- қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға.
2025 жылға белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін мынадай мәселелерді қарау жоспарланады:
І. Облыстық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер
І тоқсан
- Атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты төрағасының есебі туралы.
ІІ тоқсан
- Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған, салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.
1.1. 2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы.
ІІІ тоқсан
- Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі А.Б.Шахаровтың есебі туралы.
ІV тоқсан
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.
- Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының есептері.
Ескерту: Сессияларда айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарды, бұрын қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпараттарды сессияның қарауына үнемі енгізу.
- Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының
отырыстарында қаралатын мәселелер
Бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі
тұрақты комиссия
I- тоқсан
Бюджет, экономика,
өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі топ
- Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №186 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Қаржы басқармасының 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.
Аграрлық мәселелер, экология және
табиғатты пайдалану жөніндегі топ
- Ақтөбе облысында ветеринарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары туралы.
- Ақтөбеоблысының 2024-2026 жылдарға арналған экологиялықпроблемаларынкешендішешужөніндегіЖолкартасынорындаутуралы.
Құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
мәселелері жөніндегі топ
- «Алтын Орда» ықшам ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің проблемаларын шешу бойынша «Жол картасының» орындалу барысы туралы (көшпелі отырыс).
- Көп қабатты үйлердің жылу мен суды есепке алудың жалпыүйлік құралдарымен қамтамасыз етілу деңгейі туралы. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру.
II- тоқсан
Бюджет, экономика,
өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі топ
1. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуына жүргізілген бақылаудың қорытындылары туралы және 2025 жылдың І - тоқсандағы тексеру нәтижелері бойынша есебі.
- Конкурстық рәсімдер бойынша және конкурс барысында туыңдаған проблемалар туралы мемлекеттік сатып алу басқармасының есебі.
- 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеттің нақтылануы.
Аграрлық мәселелер, экология және
табиғатты пайдалану жөніндегі топ
- Ақтөбе облысының аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жағдайы туралы.
- Жер қойнауын пайдаланушылардың өз міндеттемелерінің орындалуы туралы есебі.
Құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
мәселелері жөніндегі топ
- Ақтөбе қаласы Есет Батыр шағын ауданы тұрғындарының проблемалық мәселелері туралы (көшпелі отырыс).
- Жылыту маусымына дайындық барысы туралы.
III- тоқсан
Бюджет, экономика,
өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі топ
1.Ақтөбе облысындағы шағын және орта бизнесті дамыту туралы
және кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігінің өсуіне қолайлы жағдай жасау.
- Мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, жұмыс кестесінен артта қалу, мердігерлердің шарттық міндеттемелерін орындамауы, жеткізілімдердің болмауы және т. б. салдарынан 2025 жылдың І-жартыжылдығына облыстық бюджеттің игерілмеу тәуекелдерін көрсете отырып, бюджет қаражатын игеру мониторингі бойынша қаржы басқармасының есебі.
3.Тексеру комиссиясының 2025 жылдың ІІ - тоқсандағы тексеру нәтижелері бойынша есебі.
- 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеттің нақтылануы.
Аграрлық мәселелер, экология және
табиғатты пайдалану жөніндегі топ
- Әлеуметтікмаңызы бар азық-түліктауарларыныңбағасытуралы.
- Жергілікті атқарушы органдардың өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды және асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуын, өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы.
Құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
мәселелері жөніндегі топ
- Ақтөбе облысының аумағында көлік-логистикалық орталықтарды дамыту туралы.
- Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың облыстың елді мекендерін ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау туралы.
IV- тоқсан
Бюджет, экономика,
өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі топ
- Қаржы басқармасының 2025 жылдың ІІІ тоқсанындағы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру.
- 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеттің нақтылануы.
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіту.
- Тексеру комиссиясының 2025 жылдың ІІІ-тоқсандағы тексеру нәтижелері бойынша есебі.
Аграрлық мәселелер, экология және
табиғатты пайдалану жөніндегі топ
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді және ұтымды пайдаланудың өзекті мәселелері.
Құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
мәселелері жөніндегі топ
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы.
Әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссия
І тоқсан
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі топ
- Ақтөбе облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің даму барысы және алғашқы медициналық-санитарлық және жедел медициналық көмектің жағдайы туралы.
- Ақтөбе облысында олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерінің даму барысы және жоғары жетістіктердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы.
Заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі топ
- Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық туралы.
- Ақтөбе облысындағы қылмыспен, соның ішінде ұйымдасқан және есірткі қылмыстарымен күрес туралы.
- Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау туралы.
Жұртшылықпен жұмыс жөніндегі топ
- Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясымен этносаралық келісімді нығайту және ынтымақтастық бойынша қызмет туралы.
- Облыстық ономастика комиссиясының қызметі туралы.
- Ақтөбе облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы.
ІІ тоқсан
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі топ
- Ақтөбе облысының еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету туралы.
- Демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.
Заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі топ
- Облыстың Азаматтық қорғаныс жоспарын іске асыру туралы.
- Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды азайту бойынша қызмет туралы.
Жұртшылықпен жұмыс жөніндегі топ
- Үкіметтік емес, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, қоғам көшбасшыларымен өзара әрекеттесу туралы.
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған жастар арасындағы жұмыссыздық пен оларды жұмыспен қамту туралы.
- Деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл бойынша қызмет туралы.
ІІІ тоқсан
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі топ
- Облыс деңгейінде мәдени орталықтардың қызметі мен өзекті мәселелері туралы.
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмысты ұйымдастыру және оның қазіргі жағдайы туралы.
Заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі топ
- Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, өрттердің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыру туралы.
- Ақтөбе облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.
Жұртшылықпен жұмыс жөніндегі топ
- Ақтөбе облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру туралы
- Ақтөбе облысындағы қоғамдық-саяси жағдай туралы.
- Ақтөбе облысында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және мемлекеттік тілді дамыту туралы.
- Ақтөбе облысындағы діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани және діни білім беру ұйымдарының қызметі туралы.
ІV тоқсан
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде қарау туралы.
- Әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылғы есебін және 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
III. Ұйымдастырушылық іс-шаралар
Депутаттар сайлаушылармен тұрақты байланыста болады, оларды облыстық мәслихаттың жұмысы туралы үнемі хабардар етеді, қоғамдық пікірді зерделейді және атқарушы органдарға мәселелер мен ұсыныстар енгізеді, бекітілген кестеге сәйкес сайлау округтерінде азаматтарды қабылдауды жүргізеді.
Мәслихат аппараты облыстық мәслихаттың, оның депутаттарының қызметі, өткізілетін іс-шаралар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы ақпаратты үнемі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, веб-сайтта және әлеуметтік желілерде орналастыратын болады.
Осы мақсатта депутаттардың жұмысында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін белсенді пайдалану қажет.