Ақтөбе облыстық мәслихатының Ш Е Ш І М І Ақтөбе қаласы №195 2024 жылғы 12 желтоқсан Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 9 маусымдағы №24 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

 

Ақтөбе қаласы                         №195                              2024 жылғы 12 желтоқсан

 

 

Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы                      9 маусымдағы №24 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 6-бабының                   1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 9 маусымдағы №24 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияның дербес құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

 

 

          Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. СҮЙІНТАЕВА                                                       

                                                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №__ шешіміне

қосымша

 

Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы

9 маусымдағы №24 шешіміне

қосымша

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияның дербес құрамы

 

ШАХАРОВ

Асхат Берлешұлы

 

Ақтөбе облысының әкімі, комиссия төрағасы

 

БАТЫРХАН

Жолдас Нұрланұлы  

 

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

 

СҰЛТАНОВ

Айбек Түбекұлы

«Ақтөбе облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» ММ құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу және терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы

 

Комиссия мүшелері:

 

СҮЙІНТАЕВА

Гүлкасима Рамазанқызы

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы (келісім бойынша)

ЖАҚСЫҒАЛИЕВ
Қаныбек Сисенғалиұлы

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

 

ӘЛІБАЕВ

Талғат Айтбайұлы

 

Ақтөбе облысының прокурорының міндетін атқарушы (келісім бойынша)

САЛАМАТОВ

Есқали Амангелдіұлы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы (келісім бойынша)

 

ЖҮСІПОВ

Абай Қуатбайұлы

Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы (келісім бойынша)

 

БАЙТУҒАНОВ

Серік Мәлікұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы (келісім бойынша)

 

БИЖАНОВ

Нұрлан Дәуренұлы

ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы (келісім бойынша)

 

ШІЛМАНОВ

Айбек Ақбергенұлы

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы (келісім бойынша)

 

САҒЫМБАЕВА

Гүлжан Алтайқызы

 

Ақтөбе облысының әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы (келісім бойынша)

 

ЖАҚАНОВ

Аманжол Жомартұлы

 

Ақтөбе облысы бойынша  мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (келісім бойынша)

 

АБДЫХАНОВ

Қуат Аманбекұлы

Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы (келісім бойынша)

 

БАЙНЕШОВ

Әлібек Мұхтарұлы

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы

 

ТЫМПИЕВ

Нұрбол Қанатұлы

 

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы

СҰЛТАН

Жайық Исаұлы

Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы

 

БОРАНҚҰЛОВ

Дидар Ержігітұлы

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры (келісім бойынша)

 

МАХАМБЕТОВ

Нұрлан Жаңабекұлы

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)

 

 

Дата публикации
22 января 2025