Ақтөбе облысы бойынша 2025 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл өңірлік жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 29-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы №910 қаулысымен бекітілген, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған аймақтық тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 14-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) іс-қимыл жоспарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
2) іс-қимыл жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
3) тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі 5-ші күннен кешіктірмей Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынылсын.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА