Ақтөбе облыстық мәслихатының Ш Е Ш І М І Ақтөбе қаласы №185 2024 жылғы 12 желтоқсан Облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                         №185                     2024 жылғы 12 желтоқсан

 

Облыстық мәслихаттың кезекті  он жетінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Хабарламашы: Н.С.Мақсатов – экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 14 қаңтардағы №12 «Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Ақтөбе облысы бойынша экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-қимыл жоспарын бекіту туралы.

 

Хабарламашы: А.Қ.Жүсібалиев – табиғи ресурстар және

табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

 

  1. Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
  2. Ақтөбе облысының Ойыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы.
  3. Ақтөбе облысын басқару схемасын бекіту туралы.
  4. Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 25 мамырдағы №131 «Ақтөбе облысының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 9 маусымдағы №23 «Ақтөбе облысындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 9 маусымдағы №24 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. 11. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №111 «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  8. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  9. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық,  құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының есебін бекіту туралы.
  10. Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының есебін бекіту туралы.
  11. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
  12. №17 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – К.Ш.Төлеуованың депутаттық сауалы туралы.
  13. №15 бір мандатты сайлау округінен депутат – Е.И.Сисенбаевтың депутаттық сауалдары туралы.
  14. «Amanat» партиясынан депутат – Қ.Е.Бекеновтің депутаттық сауалы туралы.
  15. Облыстық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                    Г. СҮЙІНТАЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 17 мамырдағы №37 «Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Хабарламашы: Н.Қ.Тымпиев – денсаулық сақтау

 басқармасының басшысы

  1. Тұрақты комиссиялардың құрамы бойынша облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

 

Дата публикации
22 января 2025