Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы № 2024 жылғы 23 қазан
|
Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15-бабының 1-тармағының 5-3) тармақшасына және 43-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, облыстық жер комиссиясының ережесінде:
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жер қатынастары саласындағы комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.»;
комиссия құрамында келесі жолдар:
|
САРСЕМБАЙ Құсайын Іскендірұлы |
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі
|
|
КАБИДУЛЛИН Әділбек Кабидуллаұлы
|
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жер қатынастары бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы
|
|
келесідей редакцияда жазылсын:
|
|
|
САРСЕМБАЙ Құсайын Іскендірұлы |
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі.
|
|
КАБИДУЛЛИН Әділбек Кабидуллаұлы
|
«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а., комиссия хатшысы
|
комиссия құрамына енгізілсін:
|
ЖҮСІБӘЛИЕВ Асқар Қазиханұлы
|
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі.
|
|
ИСБАСКАНОВ Ислам Алмасұлы |
«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары, комиссия мүшесі. |
комиссия құрамынан С.Қ. Дүйсекенов, А. Т. Әбішев шығарылсын.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА