Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №175 «Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                       №      179                             2024 жылғы 23 қазан

 

Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №175 «Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

           

  1. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №175 «Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

 

             Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының келесі мүшелері сайлансын және құрамға енгізілсін:

 

 №1 округтік сайлау комиссиясы

 

ЕЛАМАНОВА

Әлия Хусаинқызы

«АҚ ЖОЛ» Қазақстан демократиялық партиясының облыстық филиалынан

 

№13 округтік сайлау комиссиясы

 

ТЕГІСОВА

Назерке Ермекқызы

 

«Ақтөбе облыстық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ Мұғалжар аудандық филиалынан

 

№14 округтік сайлау комиссиясы

 

СЕРҒАЗИНА

Раушан Базарбайқызы

Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалынан

 

 

МЕҢДІБАЕВА

Мөлдір Жұмақызы

«Aуыл» партиясының Ақтөбе облыстық филиалынан

 

 

       

округтік сайлау комиссияларының көрсетілген құрамдарынан: М.О.Әміров, Ж.И.Әбілханов, Ұ.Е.Мұхамедяр және Н.Н.Нәдір шығарылсын.

 

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

           Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                      Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
13 ноября 2024