Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                         №177                            2024 жылғы 23  қазан

 

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

 

Хабарламашы: А.А.Ерғалиева – экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №175 «Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі депутаттық тобын тіркеу туралы.
  4. №5 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – С.А.Әліповтің депутаттық сауалы туралы.
  5. №2 бір мандатты сайлау округінен депутат – М.А.Қойлыбаевтың депутаттық сауалы туралы.
  6. №13 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Н.Ж.Сарбасовтың депутаттық сауалы туралы.

 

 

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                    Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
13 ноября 2024