«Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 қыркүйекте мемлекеттік тіркеу тізіліміне №8633-04 болып енгізілген

Ақтөбе қаласы                           №161                          2024 жылғы 25 қыркүйек

 

 

«Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау,

күтіп баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы»

облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі                             

№ 57 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

  Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

  1. «Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 23 қыркүйектегі № 57 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларында:

  4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

  «4-тарау. Жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;

  26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

          «26. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:

  1) суару көзімен қамтамасыз ету;

  2) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;

  3) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;

  4) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;

  5) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;

  6) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);

  7) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу».

мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

            «26-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) мыналарды қамтиды:

  ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;

  ағаш діңін ақтау;

  бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;

  шөп шабу, арамшөптерді жою;

  жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);

  бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;

  ағаш тәжін тәждеу;

  ағаштардың тәжін қалыптастыру;

  қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;

  апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;

  тыңайтқыштарды қолдану;

  жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;

  қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу».                                       58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

            «58. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі                                 № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде          № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді».                                                                                                                                                                                                                                                    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Облыстық  мәслихаттың төрағасы

 

Г. Суентаева



Дата публикации
11 октября 2024