Ақтөбе облысы әкімдігі мен облыстық мәслихаттың
бірлескен ҚАУЛЫСЫ және ШЕШІМІ
Ақтөбе қаласы №160 2024 жылғы 25 қыркүйек
Ақтөбе қаласының білім беру және спорт ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес төменде көрсетілген білім беру және спорт ұйымдары ұжымдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Республикалық ономастика комиссиясының қарауына:
1) «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының № 47 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру туралы;
2) «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Футболдан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қобыланды батыр атындағы футболдан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиада резерві спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы ұсыныстар енгізілсін.
Облыс әкімі А. ШАХАРОВ
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. СҮЙІНТАЕВА