Ақтөбе облысының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                         №158                     2024 жылғы 25  қыркүйек

 

Ақтөбе облысының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы туралы

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ.Тымпиевтің және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің басшысы Ә.М.Латыпованың «Ақтөбе облысының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы туралы» баяндамаларын тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихат жалпы облыста жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ақтөбе облысының тұрғындарына қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтеді.

          Облыста 40 аурухана (оның ішінде 22 мемлекеттік, 2 ведомстволық және 16 жекеменшік), 439 амбулаториялық-клиникалық ұйым (оның ішінде 310 мемлекеттік, 10 ведомстволық және 119 жекеменшік) медициналық көмек көрсетеді.

Ақтөбе облысының ауылдық жерлері мен шалғай елді мекендерінің тұрғындарының медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 12 мобильді медициналық кешен жұмыс істейді (6 орталық аудандық ауруханалар базасында және 6 КАМАЗ автобустары мен автомашиналары базасында жылжымалы кешендер).

Ақтөбе облысының 12 ауданына 85 сапар жасалды. 48 033 адам (жылдық жоспардың 96,3%) қаралды, 86 511 консультациялар (бір тұрғынға 1,8 тексеру), 46 160 диагностикалық қызметтер (бір пациентке 0,96 қызмет), 10 617 зертханалық қызметтер көрсетілді.

Ауруханаларды материалдық-техникалық жарақтандыруға 392 бірлік құрал-жабдықтар сатып алуға 3,7 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді. 3 көп бейінді ауданаралық орталық аудандық ауруханалар үшін 56 бірлік медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға 824 807,0 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар, облыста нәтижелі сәттермен қатар жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардың, диабет ауруларының өсуі байқалады.

Денсаулық сақтау саласы бойынша ағымдағы жылы ғана ахуалдық орталыққа облыс тұрғындарынан медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты 961 шағым түсті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы 21 индикатордан - 8-іне қол жеткізбеген, 5 айдың қорытындысы бойынша республика бойынша орташа есеппен                           4 индикаторға қол жеткізілген жоқ, ал біздің облыста - 7 индикаторға қол жеткізілмеді. Бұл мынадай индикаторлар: ана мен бала өлімі, кеш сатыларда онкологиялық ауруларды анықтау, медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттану деңгейі, жылжымалы кешендердің қызметтерімен қамтылған халық саны және «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтаудың «Дені сау ұлт» дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару жөніндегі жаңа өндірістердің саны.

Олардың алдын алу мақсатында жыл сайынғы скринингтік тексерулер жүргізіледі. 2023 жылы сүт безі обыры бар 105 әйел анықталды, оның ішінде 52-сі бірінші кезеңде (49,5%); жатыр мойны обыры бар 48 әйел, оның ішінде 32-сі бірінші кезеңде (66,7%); 35 тоқ ішек обырымен ауыратын науқастар, оның 18-і бірінші кезеңде (51,4%).

Онкоскринингтер арқылы қатерлі ісік ауруының ерте анықталуы жақсарды, дегенмен онкологиялық аурулардың саны өткен жылмен салыстырғанда өсті. 5 жыл немесе одан да көп қатерлі ісікпен ауыратын науқастар 54,2% құрады. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш              1,7% - ға өсті.

Есептік кезеңде аймақтағы қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім               100 000 тұрғынға шаққанда 49,5% құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5%-ға төмендеді (2022 жылы 100 000-ға шаққанда 53,0%). Өлімнің төмендеуі өңірдің барлық медициналық ұйымдарында байқалады.

Облыста 12 261 медициналық персонал жұмыс істейді, оның ішінде 4 111 дәрігер (10 000 тұрғынға 33,9% қамту) және 8 150 орта буын қызметкері (10 000 тұрғынға 72,6% қамту).

Жас мамандардың ауылдық жерлерге шығуын ынталандыру мақсатында 2023 жылы әлеуметтік қолдау, жас дәрігерлерге қосымша жәрдемақылар және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несиелер мақсатында біржолғы төлемдер 1,5 млн. теңгеден 3 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды, алайда кадрлар тапшылығы бар.

Бүгінде облыста кадр тапшылығы 180 маманға байқалады, оның ішінде: жалпы тәжірибе дәрігерлері – 29 (аудандарда – 25), терапевтер - 8 (аудандарда - 6), педиатрлар - 12 (аудандарда - 8), жедел жәрдем дәрігерлері - 45, басқа мамандар - 86 (аудандарда-52).

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша медициналық техникамен жарақтандыру деңгейі бойынша біздің облыс республика бойынша  Алматы қаласынан кейінгі екінші орында тұр. Алайда, депутаттар мәселені сессияда қарауға дайындау шеңберінде жүргізген мониторинг барлық ұйымдарда медициналық жабдыққа қажеттілік бар екенін көрсетті. Ұйымдарда бар жабдықтар тозған және ескірген, ал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық техниканы басқарудың ақпараттық жүйесі көрсеткіштерге ұмтылуда дұрыс толтырылмайды. Сондықтан облыста медициналық жабдықтармен жабдықтау мен қажеттіліктің нақты көрінісі жоқ, ал денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау тиісті деңгейде емес.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ.Тымпиевтің «Ақтөбе облысының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы туралы» баяндамасы назарға алынсын.
  2. Ақтөбе облысының әкіміне (А.Б.Шахаров) онкологиялық аурулармен күресудің бірыңғай жүйесін құру мақсатында «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ-ның клиникалық базасы ретінде бұрын берілген онкологиялық аурухананы республикалық меншіктен облыстың коммуналдық меншігіне беру мәселесі бойынша ұсыныстарды пысықтау және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне енгізу ұсынылсын.
  3. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не (Н.Қ.Тымпиев) ұсынылсын:

1) барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологының, депутаттар мен жұртшылықтың қатысуымен онкологиялық аурухананы республикалық ауруханадан коммуналдық меншікке беру мәселелерін пысықтау жөніндегі Жұмыс тобын құру;

2) облыс аумағында мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарда медициналық қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру;

3) облыс халқының денсаулығына байланысты барлық индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

4) ана мен бала өлімінің себептері мен салдарына талдау жүргізу және оларды болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;

5) цифрлық технологияларды пайдалана отырып, диагностикалық сипаттағы медициналық қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жандандыру;

6) облыс бойынша медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

7) ана мен бала өліміне тікелей жауапты перзентханаларда дәрігерлер мен медбикелерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу;

8) онкологиялық қызметті мамандармен, оның ішінде жеке медициналық ұйымдарды жасақтау және амбулаториялық қызметтің барлық медициналық ұйымдарында алғашқы тексеру кабинеттерін ашу жөнінде шаралар қабылдау;

9) нормативтерге сәйкес амбулаториялық және стационарлық деңгейде медициналық ұйымдарды тегін дәрілік заттармен және жеке қорғаныш құралдарымен үздіксіз және жүз пайыз жабдықтауды қамтамасыз ету;

10) медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыру;

11) медициналық ұйымдарға күрделі жөндеу жүргізуге қатаң бақылау белгілеу және олардың уақтылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз ету;

12) онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу жөніндегі «ядролық орталықты» құру жөнінде ұсынысты қарастыру және енгізу;

13) жедел жәрдем қызметінің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

  1. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не (Н.Қ.Тымпиев) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының бас дәрігерлерімен бірлесіп, мынадай шараларды қабылдау ұсынылсын:

1) медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегін өтеу және оның қайта пайда болуына жол бермеу;

2) қосымша тетіктер әзірлеу және сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесіне олардың кірістерінің жоқтығын (тұрақсыздығын) ескере отырып тарту жөнінде шаралар қабылдау;

3) сақтандырылған азаматтарға МӘМС шеңберінде оның жүгіну кезеңіне және денсаулық сақтау ұйымын қаржыландырудың ашылуына қарамастан медициналық қызметтерді уақтылы алуды;

- қаражатты тиімді, ұтымды жоспарлау және пайдалануды қамтамасыз ету;

4) ауылдық елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар әзірлеу;

5) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде халыққа шұғыл медициналық көмек, скринингтер көрсету мүмкіндігін қарастыру.

  1. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не (Н.Қ.Тымпиев) Ақтөбе қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп мынадай шаралар қабылдау ұсынылсын:

1) әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ арқылы халықтың сауалдары мен шағымдарына медициналық қызметтер көрсету сапасы және жалпы басқарманың жұмысы туралы жауаптар жолдауды ұйымдастыру;

2) жаңа шағын аудандар мен тұрғын үй алаптарының мекенжайларын жедел жәрдем қызметіне біріктіру және халықты жақын маңдағы емханаларға бекіту бойынша жұмыс жүргізу;

3) Ақтөбе қалалық және аудандық мәслихаттармен бірлесіп:

- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға жіберілген медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін 100% жұмысқа орналастыруды және әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуді қамтамасыз ету»;

- ауылдық жерлерде оларды бекіту мақсатында медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көздеу.

  1. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не (Н.Қ.Тымпиев) облыстың аудандық ауруханаларының бас дәрігерлерімен бірлесіп мынадай шаралар қабылдау ұсынылсын:

1) диспансерлік есепте тұрған, сондай-ақ жекелеген аурулар, оның ішінде «тар» мамандар бойынша тәуекел тобына кіретін ауыл тұрғындарына олардың тұратын жерлерінде тоқсан сайын кешенді медициналық тексерулер жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын 100% компьютерлік жарақтандыруды, оларды медициналық ақпараттық жүйелерге қосуды қамтамасыз ету;

3) орталық аудандық ауруханалардың денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарына сәйкестігіне талдау жүргізу;

4) халықтың нысаналы топтарын профилактикалық және скринингтік тексерулермен қамтудың тұрақты мониторингін қамтамасыз ету;

5) халықтың скринингтерін жүргізу үшін ауылдық, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерге мамандардың көшпелі мобильді топтарын ұйымдастыру;

6) халықтың сауалдары мен шағымдарына жауаптарды әлеуметтік желілерде және жергілікті БАҚ-та уақтылы жариялау;

7) онкологиялық науқастарды үздіксіз қамтамасыз ету үшін базалық дәрілік заттардың (химиопрепараттар, нысаналы дәрілік заттар, есірткі анальгетиктері) қажетті көлемдерінің жыл ішінде болуын қамтамасыз ету.

  1. «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ (Н.М.Мусин) мынадай шаралар қабылдау ұсынылсын:

1) онкология бойынша нысаналы көрсеткіштердің орындалуын бақылауды күшейту;

2) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде онкологиялық ауруларды емдеу үшін ұсынылатын дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасына бақылауды арттыру;

3) облыстың онкологиялық қызметін онкопатологияны ерте диагностикалау үшін қажетті жабдықтармен толық жарақтандыру жөнінде ұсыныс енгізу;

4) онкологиялық медициналық орталықты кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету;

5) онкологиялық медициналық орталықтың материалдық-техникалық базасының деңгейін арттыру;

6) онкологиялық медициналық орталық мамандарының халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру;

7) онкологиялық медициналық орталықтың жұмысына бақылауды күшейту;

8) онкологиялық медициналық орталықта сапалы медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде келіп түскен немесе жарияланған халықтың шағымдары мен теріс пікірлерінің мониторингі мен талдауын жүргізу, жедел және нақты негіздерде ресми жауаптар беру;

9) облыс аумағындағы облыстық денсаулық сақтау басқармасымен және басқа да медициналық ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды күшейту.

  1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалына (А.Ұ.Оразмағамбетов) мынадай шаралар қабылдау ұсынылсын:

1) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарына сәйкес медициналық ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге уақтылы ақы төлеуді қамтамасыз ету;

2) медициналық қызметтерді сатып алу көлемін жоспарлау кезінде өнім берушілермен келісім бойынша медициналық қызметтер көрсетудің маусымдық өсімін ескеру;

3) сауалнама нәтижелеріне ашық қол жеткізе отырып, медициналық көмекке және медициналық қызметтерге қанағаттану мәселелері бойынша сақтандырылған халықтың тұрақты кері байланысын қамтамасыз ету, кемшіліктерді жедел жою;

4) ауыл тұрғындарын әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне барынша тартуды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру;

5) әлеуметтік медициналық сақтандырудың артықшылықтары туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру.

  1. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не (Н.Қ.Тымпиев) ұсынылсын:

1) ішкі саясат басқармасымен (Ә.М.Байнешов) бірлесіп:

- скринингтік бағдарламаларға қатысу қажеттілігі туралы халық арасында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- онкологиялық аурулардың алдын алу және диагностикасы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында жергілікті телерадиоарналарда бейнероликтер, аудиороликтер шығару және тарату;

2) цифрлық технологиялар басқармасымен (Ә.Б.Отарбаев) бірлесіп:

- онкологиялық және паллиативтік көмек көрсету бойынша халықпен кері байланыс үшін «жедел желілер» мен Call орталықтардың жұмысын жандандыру, осындай қызметтердің бар екендігі туралы халықты хабардар ету жөнінде шаралар қабылдау;

3) экономика және бюджеттік жоспарлау (Н.С.Мақсатов) және қаржы (Е.Т.Тұрсынғалиев) басқармаларымен бірлесіп:

- ауылдық жерлерде оларды бекіту мақсатында медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін қолдау және ынталандыру бойынша қосымша жүйелі шаралар көрсету мәселесін пысықтау;

- құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен (Е.М.Мұздыбаев) бірлесіп:

- тұрақты негізде ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының ғимараттарына жөндеу жүргізуді, сондай-ақ оларды денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарына сәйкес жарақтандыруды және тозу мерзімі мен дәрежесіне байланысты медициналық техника мен медициналық бұйымдарды уақтылы жаңартуды қамтамасыз ету;

4) дене шынықтыру және спорт басқармасымен (Ш.А.Шоқпытов) бірлесіп халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауды жандандыру.

  1. ҚР ДСМ Ақтөбе облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне (Ә.М.Латыпова) мынадай шаралар қабылдау ұсынылсын:

1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;

2) 9 айдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихатқа облыс халқының денсаулық сақтау қызметтеріне қанағаттану деңгейіне талдау және денсаулық сақтау мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері бойынша есеп беру.

  1. Барлық мүдделі мемлекеттік мекемелерге осы шешімнің орындалу қорытындылары туралы облыстық мәслихатты 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде хабардар ету ұсынылсын.

 

 

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                     Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
11 октября 2024