Облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                         №157                2024 жылғы 25  қыркүйек

 

Облыстық мәслихаттың кезекті  он бесінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

 

  1. Ақтөбе облысының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы туралы.

 

Баяндамашылар: Н.Қ.Тымпиев – денсаулық сақтау

басқармасының басшысы

 

Ә.М.Латыпова – Ақтөбе облысы бойынша

медициналық және фармацевтикалық

бақылау департаментінің басшысы

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 17 мамырдағы №33 «Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Хабарламашы: А.Б.Бекет – Ақтөбе қаласының әкімі

 

  1. Ақтөбе қаласының білім беру және спорт ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі №57 «Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
  3. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.

 

Хабарламашы: Ә.Ж.Тұралиев – дін істері

басқармасының басшысы

 

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы №16 «Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
  2. 7. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 20 қыркүйектегі №458 «Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
  3. Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясы мүшесінің өкілеттігін тоқтату туралы.
  4. Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы.

 

Хабарламашы: Қ.Ы.Кенжин – Ақтөбе облысы бойынша

Тексеру комиссиясының төрағасы

 

  1. Облыс әкімдігінің дербес құрамы туралы.
  2. Ақтөбе облысын басқару схемасын бекіту туралы.
  3. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 9 маусымдағы №26 «Ақтөбе облысының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 27 шілдедегі №48  «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. «Amanat» партиясынан депутат - К.А.Айдарханованың депутаттық сауалы туралы.
  6. №17 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – К.Ш.Төлеуованың депутаттық сауалы туралы.
  7. №10 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – Н.Ж.Махамбетовтің депутаттық сауалы туралы.
  8. 17. «Amanat» партиясынан депутат – Қ.Е.Бекеновтің депутаттық сауалы туралы.
  9. №2 бір мандатты сайлау округі бойынша депутат – М.А.Қойлыбаевтың депутаттық сауалы туралы.
  10. Облыстық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                    Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
11 октября 2024