Облыстық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                         №149                           2024 жылғы 10 шілде

 

Облыстық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Облыстық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

  1. Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі А.Б.Шахаровтың есебі туралы.

 

Баяндамашы: А.Б.Шахаров – облыс әкімі

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

 

Хабарламашы: Н.С.Мақсатов – экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының басшысы

 

  1. 3. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Хабарламашы: Е.М.Мұздыбаев – құрылыс, сәулет және

қала құрылысы басқармасының басшысы

 

  1. Облыс әкімдігінің дербес құрамы туралы.
  2. Ақтөбе облысын басқару схемасын бекіту туралы.
  3. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  4. 2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы.

 

Хабарламашы: Н.Ж.Тілеумұратов – Хромтау

 ауданының әкімі

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                    Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
11 октября 2024