Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы11 желтоқсандағы № 577 «Шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Ақтөбе медициналық орталығы» мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорнының балалар стационарының негiзгi ғимаратына қосымша корпус салу жане пайдалану» мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобасы бойынша мемлекеттiк мiндеттемелер қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына және 5-тармағына, Ақтөбе облыстық сотының 2023 жылғы 21 қарашадағы №1599-23-00-2а/925 қаулысына және Ақтөбе облысы әкімдігінің бюджеттік комиссиясы отырысының 2024 жылғы 10 мамырдағы №8 хаттамасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №577 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе медициналық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балалар стационарының негізгі ғимаратына қосымша корпус салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы

 

Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
11 октября 2024