2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі

«2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» облыстық қаржы басқармасының басшысы Н.А.Өнербаевтың, Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Ы.Кенжиннің есептерін және облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының қорытындысын тыңдап, облыстық мәслихат, 2022 жылғы 12 желтоқсанда бекітілген және 2023 жылдың бюджетін атқару барысында нақтыланған «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешімі, нақтыланған көрсеткіштерден кірістер бойынша 106,5 пайызға, алынған нысаналы трансферттер бойынша 100 пайызға орындалғанын атап өтеді.

2023 жылғы облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 99,1 пайызға игерілді, түзетілген жоспар 525 665 246,6 мың теңгеден 520 810 258,3 мың теңгеге игерілді.

Осыдан басқа, республикалық бюджеттен жалпы сомасы          87 942 486,8 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, соның ішінде әлеуметтік қамту, төтенше жағдайдан қорғаныс нысандарының құрылысы және қайта жаңартуға, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде орта білім беру нысандарының құрылысына,  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарының құрылысы және жаңа жаңартуға, материалдық-техникалық жарақтандыруға, табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге, тұрғын үй сатып алуға,  газ тасымалдау жүйесін, инженерлік, көліктік, әлеуметтік, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға бөлінді.

Республикалық бюджеттен ауыл халқының табыстарын арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдануға, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды несиелеуге,  мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға, жастардың кәсiпкерлiк бастамашылығына жәрдемдесуге бюджеттік несиелер бөлінді.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV  Бюджеттік кодексінің 130-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) және                                          9-1) тармақшаларына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Облыс әкімдігінің 2023 жылғы облыстық бюджеттің кірістер бойынша 86 081 177,5 мың теңге соммасында, алынған нысаналы трансферттер 418 821 072,7 мың теңге соммасында, шығындар бойынша 482 128 937,5 мың теңге соммасында, бюджеттік кредиттер бойынша 27 810 103,0 мың теңге, қарыздарды өтеу бойынша 10 871 217,8 мың теңге соммасында, бюджет тапшылығын қаржыландыру -6 778 229,5 мың теңгемен нақты орындалуы туралы есебі бекітілсін.
  2. Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі назарға алынсын.
  3. Облыс әкімдігіне:

1) бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдердің түсуін  толық қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру, сонымен қатар облыстық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуына ай сайынғы мониторингті және талдауды жүзеге асыру;

2) тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізе отыра бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалану бойынша бақылауды күшейту;

3) бюджеттік қаражаттарды басқару бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметінің тиімділігін бағалаудың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету;

4) шығыстарды сапалы жоспарлауды және бюджет бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ететін, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларының жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.

  1. Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясына ұсынылсын:

1) есептік кезеңге бюджет қаражатын қамту көлемін ұлғайтуды қарастыратын қадағалау шараларының тиімділігін арттыру;

          2) бақылауды күшейту және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану арқылы аудит қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің мүлтіксіз және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

3) Тексеру комиссиясының тапсырмалар мен ұсынымдарды орындау бойынша қабылдаған шешімі туралы (алу, ұзарту туралы) оларды хабардар ету бойынша аудит объектілерімен кері байланысты қамтамасыз ету.

 

 

Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                    Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
11 октября 2024