Облыстық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Облыстық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

 

  1. 2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі.

          1.1. 2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы облыс әкімдігінің баяндамасы.

 

Баяндамашы: Н.А.Өнербаев - қаржы

басқармасының басшысы

 

          1.2. 2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша Тексеру комиссиясының баяндамасы.

 

                           Баяндамашы: Қ.Ы.Кенжин - Ақтөбе облысы бойынша

                                                                   Тексеру комиссиясының төрағасы

 

1.3. 2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның қорытындысы.

 

                    Хабарламашы: Н.Ж.Махамбетов – облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі

тұрақты комиссиясының төрағасы

 

  1. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

 

Хабарламашы: Н.С.Мақсатов – экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

 

  1. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №84 «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Хабарламашы: А.М.Қайыр – жолаушылар көлігі және

 автомобиль жолдары басқармасының басшысы

 

  1. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы №39 «Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №577 «Шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Ақтөбе медициналық орталығы» мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорнының балалар стационарының негiзгi ғимаратына қосымша корпус салу жане пайдалану» мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобасы бойынша мемлекеттiк мiндеттемелер қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Хабарламашы: Н.Қ.Тымпиев – денсаулық сақтау

басқармасының басшысы

 

  1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Ақтөбе облысының білім беру ұйымдары қаржы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы.
  2. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №363 «Облыстық жер комиссиясының ережесін және дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Ақтөбе облысын басқару схемасын бекіту туралы.
  4. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №106 «Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5.     «Amanat» партиясынан депутат С.В.Вишняктың депутаттық сауалдары туралы
  6. 11. Облыстық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 

 

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                     Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
11 октября 2024