Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ  жаңа редакцияда жазылсын:

            «1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 518 841 423,2 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 70 291 059 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 5 297 193 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер  түсімдері  – 443 253 171,2 мың теңге;

2) шығындар – 553 257 834,7 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредит беру – 9 843 229,1 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 24 261 626 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 418 396,9 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -44 259 640,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
44 259 640,6 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 23 061 626 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 12 523 428,9 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 33 721 443,5 мың теңге.»;

11-тармақ:

4-1) мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекке;».

 12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«12. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2024 жылға арналған резерві 11 479 474 мың теңге сомасында бекітілсін.».

  1. Көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

       Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                              Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
24 апреля 2024