Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

Ақтөбе қаласы                         №132                          2024 жылғы  10 сәуір

 

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібі туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясы жалпы отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

  1. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Хабарламашылар: Н.А.Өнербаев – қаржы

басқармасының басшысы

 

Н.С.Мақсатов – экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының басшысы

 

  1. 2. Облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №111 «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. 3. «Amanat» партиясынан депутат – С.Л.Прокопьевтің депутаттық сауалы туралы.

 

 

         Облыстық

мәслихаттың төрағасы                                                              Г. СҮЙІНТАЕВА

Дата публикации
24 апреля 2024